Шығыс Қазақстан өңірлік практикалық «Дарын» орталығы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті 11-сынып оқушылары арасында ІІ республикалық «Ясауи» пәндік олимпиадасын өткізетіндігін хабарлайды.
Олимпиада «Физика», «Математика», «Биология», «Химия», «Информатика», «География», «Ағылшын тілі», «Қазақстан тарихы», «Жалпы тарих» (барлық оқушылар үшін), «Қазақ тілі» (қазақ тілді топтар үшін), «Орыс тілі» (орыс тілді топтар үшін) пәндері бойынша өткізіледі.
Олимпиада келесі кезеңдерді қамтиды:
I – (іріктеу кезеңі) – online түрде 2015 жылдың 5 ақпан күні өткізіледі.
ІІ – (іріктеу кезеңі) – 2015 жылдың 12 наурыз күні Түркістан қаласында, Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің базасында өткізіледі.
Олимпиадаға қатысу үшін 2015 жылдың 25 қаңтарына дейін www.iktu.kz университет сайтында немесе base.iktu.kz/talapker сілтемесі арқылы тіркелу қажет.
Олимпиада Ережесі www.daryn.kz сайтында жарияланған.
Барлық сұрақтар бойынша 8/72533/63690, 87015745481,87029920392 (Түркістан қаласы, Қ.А. Ясауи ат. ХҚТУ) телефондары арқылы хабарласуға болады.