2011 жылы 3-4 наурызда Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми - практикалық «Дарын» орталығы Қазақстан - Американдық Еркін Университетімен, ЖОО-ның шетелдік серіктестігі Маршалл Кристенсен (АҚШ) қорымен, Өскемен қаласының «Құрметті азаматтары» қамқорлық кеңесінің «Менің қалам» қорымен бірлесіп, Шығыс Қазақстан облысының мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында ағылшын тілінен «Striving for Excellence» Көктемгі олимпиадасын өткізеді.
Олимпиадаға қатысу үшін құрамы 4 адамнан тұратын, ағылшын пәнін оқуда табысқа жеткен 9 – 11 сынып оқушылары арасынан 1 команда ұйымдастыру керек. Команданың үйлестірушісі тағайындалып, оқушылардың олимпиадаға сапалы дайындығын, сонымен қатар шараның өту уақытында және жолдағы өмірі мен денсаулық қауіпсіздігіне жауапкершілік жүктеледі.
Іссапар шығындары жіберуші білім мекемелерінің есебінен өтеледі.
Команданы тіркеу 2011 жылдың 28 ақпанына дейін, EVSorokin@kafu.kz электронды поштасы арқылы жүргізіледі. Хатта міндетті түрде «Мектеп тапсырысы» тақырыбы көрсетілуі керек.
Өтінім түрі:
|
№ |
Оқушының аты-жөні |
Аудан/қала |
Мектеп |
Сынып |
Байланыс телефоны |
Электрон ды адресі |
Үйлестіруші туралы толық мәлімет, байланыс телефоны |
Олимпиада Өскемен қаласы, Тәуелсіздік даңғылы 86-үй (Қазақстан - Американдық Еркін Университеті ) мекен жайы бойынша өтеді.