Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 2015 жылдың 9-10 қаңтарында Өскемен қаласындажалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңін өткізді.
Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың шығармашылық зейінін дамыту, теориялық білімін тереңдетіп және практикалық біліктілігін артыру, дарынды балаларды айқындау үшін қажетті жағдайлар жасау, республикалық және халықаралық конкурстарға қатысуға іріктеу және дайындау.
Облимпиадаға облыстың барлық аудандары мен қалаларынан, облыстық білім мекемелерінен келген жеңімпаздардан құралған 28 командадан - 610 оқушы қатысты.
Олимпиада жалпы білім беретін 14 пән бойынша екі турда (теориялық және тәжірибелік) Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде және С. Аманжолов Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде (химия, физика) өткізілді.
Қатысушылардың жұмысын құрамында өңірдің жетекші жоғарғы оқу орындарының ғалымдары кірген қазылар алқасы бағалады.
Олимпиаданың 2 турының қорытындысы бойынша 242 оқушы жүлдегер атанды: І дәрежелі дипломдармен - 57, ІІ дәрежелі дипломдармен - 62, ІІІ дәрежелі дипломдармен - 123 оқушы марапатталды.
Олимпиадада жоғары ұпай алған жүлдегерлер Орал (жаратылыстану-математикалық бағыт пәндері бойынша), Атырау қалаларында (қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша) өтетін республикалық кезеңге қатысады.
Олимпиада қорытындысы бойынша жүлдегерлер саны бойынша үздік олимпиада командалары анықталды. «Үздік олимпиадалық команда -2015 ж.» номинациясында І дәрежелі дипломмен және жеңімпаз кубогымен Семей қаласының қазақ-түрік-лицейінің командасы марапатталды.
ІІ дәрежелі дипломдармен:
1) Өскемен қаласының құрама командасы;
2) Өскемен қаласының қазақ-түрік лицейінің командасы.
ІІІ дәрежелі дипломдармен:
1) Семей қаласының құрама командасы;
2) Күршім ауданының құрама командасы;
3) Өскемен қаласындағы математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп марапатталды.
Олимпиаданың жабылу салтанатында ШҚО білім басқармасы басшысының орынбасары С.К.Искакова; Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің ректоры, ф.-м.ғ.д., ҚР ҰҒА академигі, профессор Н.М. Темірбеков, Мәскеу мемлекеттік экономика,статистика және информатикауниверситетінің Өскемен қаласындағы филиалының директорыА.К.Алипова, Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық "Дарын" орталығының директоры, п.ғ.к., ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері Ж.Ж. Айтпаева қатысушыларға арнап құттықтау сөз сөйледі.
Жүлдегерлерді марапаттау сәтіне өткен жылдардағы республикалық, халықаралық олимпиадалар мен жарыстардың жүлдегерлері, қазіргі уақытта Республиканың, шетелдің жетекші жоғарғы оқу орындарының студенттері - мектеп түлектері қатысты.
Концерттік бағдарламада республикалық, халықаралық шығармашылық байқаулардың лауреаттары: Марина Серохвостованың жетекшілігімен «FLASH»шоу-группасы, Евгения Ложкинаның жетекшілігімен "Алау" этрадалық хоры, жас орындаушылар байқауының лауреаттары Талгат Асем, Уадинов Эльдарөнер көрсетті.