+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
ҰБТ-ға даярлық аясында облыс оқушылары – жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестатын алуға үміткерлердің онлайн-тестілеуге қатысуына салыстырмалы сараптама
08 Қаң, 08:29

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес 2014 жылдың 26 желтоқсанда өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы Д. Серікбаев ат. Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетімен бірлесіп жалпы білім беретін ерекше үлгідегі «Алтын белгі» аттестатына үміткерлерге арналған екінші онлайн-тестілеу өткізді.

Берілген акция оқушыларға пән бойынша өз білімдерін тексеруге, ҰБТ-ға психологиялық тұрғыдан дайындалуға мүмкіндік береді.

Қалалық, аудандық білім бөлімдері және дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің өтінімдеріне сай облыс бойынша «Алтын белгі» аттестатына үміткерлер саны 376 оқушыны құрады. Екінші онлайн-тестілеуде 126 оқушы (салыстыру: біріншіде - 190 оқушы) қатысты.

Ең жоғары ұпайды Залесова Анжелика - ДБА ОММФИМ оқушысы (123 ұ.), Мұратбеков Әлішер – Өскемен қаласы №44 МЛ оқушысы (110 ұ.). Ең төменгі ұпай – Маулитова Шынар – Тарбағатай ауданы, Ақсуат ОМ оқушысы (69 ұ.).

Қатысу қорытындысы қосымшада берілген (кесте).