2014 жылдың 23-25 желтоқсанында Өскемен қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің атынан және Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жаңа жылдық шыршалары өткізілді.
Жаңа жылдық салтанаттардың қонақтары жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан мүгедек балалар, 9-13 жастағы үздік оқушылар қатарынан шыққан балалар болды.
Жаңа жылдық шыршалар Өскемен қаласының Металлургтер мәдениет сарайында ұйымдастырылды. Балалар ерекше қойылымдары мен ертегілік персонаждары бар «Біз мәңгілік ел боламыз!» атты театрландырылған мерекелік карнавалғна қатысты. Концерттік және ойындық бағдарлама облыстың үздік шығармашылық ұжымдарының қатысуымен өткізілді.
Қазақстан Республикасы Президентінің атынан өткізілген Жаңа жылдық шырша қатысушылары үшін нағыз сыйлық Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бейнеқұттықтауы болды. Бейнеқұттықтауда: «Зейінді де зерек, білімді де білікті болыңдар... «Өнерлі өрге жүзеді» деген дана халқымыз. Өнер – білімнің кені. Өркенді елдің теңі болыңдар»- деді Елбасы.Балалар мемлекет басшысының ықыласы мен тамаша сыйлық – Жаңа шылдық кеш үшін алғыс білдірді.
Облыс әкімінің шыршасы кезінде денсаулық, бақыт тілеп, құттықтау сөзімен Даниал Кенжетайұлы Ахметов сөз сөйледі: «Қымбатты біздің балалар, Қазақстанда көп түрлі мерекелер бар, бірақ ең жақсысы көп күттірген және қызыққа толы – Жаңа жыл. Бізде ұлан-байтақ жеріміз, бірлігі мен достығы жарасқан халқымыз, дана және әділ Елбасымыз бар.Біздің жеріміз қазбаларға бай, ал еліміздің байлығы – сендерсіңдер! Біз сендерге үлкен үміт артамыз». Балалар облысымыздың бірінші жетекшісінің өсиет сөзін аса зейін қойып тыңдады және көрсеткен қолдауы үшін шын көңілден алғыс білдірді.
Карнавалдан соң фотосуретке түсіру және түрлі тағамдармен «Тәттілер үстелі» ұйымдастырылды.
Жаңа жылдық шыршалардың қатысушылары үшін ұйымдастырушылар жасаған мәдени-танымдық бағдарлама өте қызықты өтті.Балалар тарихи-өлкетану, этнографиялық және өнер мұражайларын аралады, «Үлбі» Орталық Мәдениет үйінде «Феялар: құбыжық жайлы аңыз» жаңажылдық мультфильмін, Жамбыл атындағы облыстық драма театрында «Морозко» балалар спектаклін көрді.Бос уақыт кезінде оқушылар үшін үстел ойындары мен спорттық ойындар, «Жаңа достар ортасында» танысу кеші ұйымдастырылды.
Әр делегация үшін шефтер – колледж және Өскемен қаласының педагогтары бекітілді. Танысуды ұйымдастыру, адаптация үдерісін жеңілдету, Жаңа жылдық шырша қатысушыларымен достық қатынас орнату мақсатында психологиялық тренингтер ұйымдастырылды.
ҚР Президентінің атынан өткен Жаңа жылдық шыршаның әр қатысушысы планшет, кітаптар, жаңа жылдық кулек; ШҚО әкімінің шыршасының әр қатысушысы – планшет, жаңа жылдық кулек алды.
Жаңа жылдық мейрам балалардың есінде жарқын және қуанышты оқиға болып қалмақ.