+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Қазақстан тәуелсіздігіне жас ақындар арнауы
19 Жел, 07:09

Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым» атты облыстық авторлық өлеңдер байқауын өткізді.

Байқаудың басты мақсаты: өскелең ұрпақты патриотизмге және Қазақстанның дәстүрі мен тарихын құрметтеуге тәрбиелеу, ұлттық құндылықтар мен өмірлік адамгершілік-эстетикалық қағидаларын қалыптастыру.

Байқау жас ерекшеліктеріне қарай 5-6, 7-8, 9-10 сынып оқушылары арасында өткізілді.

Оқушылардың байқау жұмыстары өзінің көркемдігімен, терең мазмұндылығымен және тақырыптың жан-жақты ашылуымен ерекшеленді. Байқауға қатысушылар өз өлеңдерінде сүйікті Президенттің, қырағы құс бүркіттің, сазды домбыраның бейнелерін пайдалана отыра, туған үйіне, жеріне және Отанына деген ыстық махаббаттарын шынайы сезіммен әсерлі етіп жеткізе білді.

Байқаудың қорытындысы бойынша 20 жеңімпаз анықталды. 4 жүлдегер І орын, 5 – ІІ орын, 11 – ІІІ орын грамоталарымен марапатталды.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Алдағы уақытта шығармашылық табыстар тілейміз!