+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
ОБРАЗОВАТЕЛЬНО-ОЗДОРОВИТЕЛЬНАЯ ПРОГРАММА «DARYN ACTIVE – 2026» организации летнего отдыха, оздоровления и занятости детей в лагере «Дарын» для детей и подростков в возрасте 9-16 лет
Тәуелсіздік – ел тұғыры
19 Жел, 07:05

Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 8-11 сынып оқушылары арасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Мақтанышым – Тәуелсіз Қазақстан» атты облыстық бейнероликтер байқауын өткізді.

Байқаудың мақсаты – қазақстандық патриотизмді және әлеуметтік белсенділікті қалыптастыру, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Байқау 2 кезеңде өтті: I кезең – қалалық (аудандық), II кезең – облыстық.

Қатысушылар байқаудың қойылған міндеттеріне шығармашылықпен қарады. Оқушылардың бейнероликтерінде Егеменді еліміздің қалыптасуы мен Қазақстан Республикасының тәуелсіз жылдардағы табыстары мен жетістіктері бейнеленген.

Байқау қорытындысы бойынша 7 жеңімпаз анықталды. 1 жүлдегер І, 2 – ІІ, 4 – ІІІ орын грамоталарымен марапатталды.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Барлығына табыстар тілейміз!