2014 жылдың 10-12 желтоқсаны аралығында Алматы қаласындағы «Алатау» шипажайында дәстүрлі түрде өткізілетін VIIІ республикалық инновациалық-педагогикалық идеялар фестивалі болып өтті.
Фестивальдің мақсаты – инновациялық технологияларды енгізетін педагогтар мен педагогикалық ұжымдардың жетістіктерін насихаттау және олардың шығармашылығына жағдай жасау.
Қазақстанның 200-ден астам педагогы жаһанданудың мәселелерін шешу және болашақтағы білім саласын дамытуға бағытталған өздерінің инновациялық идеяларымен бөлісуге мүмкіндік алды. Жобалардың бағасын республикамыздың алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орындарының ғалымдары бағалады. Шығыс Қазақстан облысының намысын 21 білім қызметкері (18 жоба) қорғады. Солардың 14 білім қызметкері жүлдегер атанды:
- Айтпаева Ж.Ж. – «Дарын» ШҚ ӨҒПО директоры, Стеблецова И.С. – «Дарын» ШҚ ӨҒПО директордың орынбасары, Оспанова Б.Б. – «Дарын» ШҚ ӨҒПО шығармашылық дарындылық зертханасының меңгерушісі;
- Жумаксанова Г.М. – Семей қ. №37 МГ тарих пәні мұғалімі;
- Корчевская Г.Г. – Семей қ. №9 "Айгөлек" ясли-бала-бақшасының музыка пәні мұғалімі;
- Ялагина Л.А. – Өскемен қ. ДБА ВАМК педагог-психологы;
- Сивохина Л.Л. – Өскемен қ. №34 ДБА ОММЛ бастауыш сынып мұғалімі;
- Мухамедиева Г.М. – Семей қ. №37 МГ тарих пәні мұғалімі;
- Беляева Н.А., Давыденко С.П. – Өскемен қ. №34 ДБА ОММЛ информатика пәні мұғалімдері;
- Чуембаева Э.Ш. – Өскемен қ. №10 МГ математика пәні мұғалімі;
- Такеева Н.Б. – Семей қ. Шәкәрім ат. ДБА ОҮТОММағылшын тілі пәні мұғалімі;
- Нурбаева Ж.Е., Алиева Т.А. – Семей қ. №16 ОМ математика және информатика пәні мұғалімдері;
-Плотникова Е.Н.- Шемонаиха ауданы, Усть-Таловка кентінің балалар өнер мектебінің мектеп директоры, Алифанов В.И. – фортепиано пәні мұғалімі.
Қатысушы ұжымдар мен мұғалімдерді жеңістерімен құттықтаймыз! Зор денсаулық, профессионалдық ұзақ ғұмыр, шығармашылық жоспарларыңыздың жүзеге асуларын және тағы да биік белестерден көрінулеріңізге тілектеспіз!