+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
«Оқушыларды ғылыми жарыстарға дайындау» тақырыбындағы облыстық семинар
27 Қыр, 04:16

2010 жылдың  15 қазанында Шығыс Қазақстан өңірлік–ғылыми практикалық «Дарын» орталығы дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыруға ұстаздарға әдістемелік көмек көрсету мақсатымен «Оқушыларды ғылыми жарыстарға дайындау» тақырыбында облыстық семинар Өткізеді.  cut

Семинар аясында 5 секцияның жұмысы жоспарланады:

1.физика, техника, Жер және Космос туралы ғылымдар;

2.математика, қолданбалы математика, экономика, информатика;

3.биология, химия, қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау;

4.тарих, өлкетану, этномәдениеттану;

5.әдебиет, тіл білімі.

Облыстық семинарға аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдіскерлері, ғылым жөніндегі директорлардың орынбасары, ұстаздар шақырылады. Әр ауданнан 4 адамнан (әр  секцияға 1 адамнан): 1 - білім бөлімдерінің өкілі, 3 – аудан/қала мектептерден, облыстық білім мекемелерінен – 2 адамнан шақырылады.

Семинарға облыстың жетекші жоғарғы оқу орындардың ғалымдары, шығармашылық ұстаздар қатысады.

Семинар дарынды балаларға арналған облыстық №34  мектеп - лицейде  өтеді. (Мекен-жайы: Өскемен қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 30). Қатысушыларды тіркеу-. 13 сағ. 30 мин.

Іссапар шығындары бағыттаушы жақтың есебінен өтеледі.

Семинарға қатысушыларға сертификаттар тапсырылады.

Семинарға қатысуға өтінімдерді берілген үлгіде 2010 жылдың 8 қазанына дейін 8(7232)758459 (ШҚҒПО «Дарын») факсіне жіберу қажет:

Аты-жөні.         толық

Аудан( қала)

Жұмыс орыны

Лауазымы

Секцияның атауы