I Жалпы ережелер
1. Осы Ереже облыстық шығарма конкурсын (бұдан әрі-Конкурс) ұйымдастыру және өткізудегі 2011 жылдың 28 қаңтарындағы Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» жолдауына сәйкес дайындалған.
2. Осы ереже Конкурстың өту шарттарын, мақсаты мен міндеттерін, ұйымдастыру, өткізу және қорытындылау мен жүлдегерлерді марапаттау тәртібін, Конкурсты қаржыландыруды айқындайды.
3. Конкурсты Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасы, Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы өткізеді.
II Конкурстың мақсаты мен міндеттері
4.Конкурстың негізгі мақсаты – 2011 жылдың 28 қаңтарындағы Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Елбасы жолдауын жүзеге асыру.
5.Конкурстың міндеттері:
- оқушыларды отансүйгіштікке, азаматшылдыққа тәрбиелеу;
- оқушылардың интеллектуалдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
III Конкурстың ұйымдастыру комитеті
6. Конкурсты ұйымдастырып, өткізу үшін ұйымдастыру комитеті құрылады.
7. Ұйымдастыру комитеті:
- Конкурстың тұжырымдамасын әзірлейді;
- Конкурсқа даярлық жүргізу мен өткізуге тікелей басшылықты жүзеге асырады;
- қазылар алқасының құрамын құрып, бекітеді;
- Конкурсқа қатысуға өтінімдер мен қажетті материалдарды қабылдайды;
- конкурстық шаралардың, олардың өту түрлерін анықтайды;
- Конкурс қорытындысын талдап, қорытады;
- Конкурсқа даярлық жүргізу мен өту барысының, қорытындысының бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көруін қамтамасыз етеді.
IV Конкурсқа қатысушылар
8.Конкурсқа қатысу ерікті түрде.
Конкурсқа Шығыс Қазақстан облысының жалпы білім беретін мекемелерінен барлық тілек білдірген 8-11 сынып оқушылары қатыса алады.
10. Конкурсқа қатысушылардың санына шек қойылмайды.
V Конкурстың Ұйымдастыру комитетіне құжаттарды тапсыру тәртібі
11. Конкурсқа қатысушыларды тіркеу үшін Ұйымдастыру комитетіне келесі құжаттар ұсынылады:
- қалалық (аудандық) білім бөлімінен, облыстық білім мекемесінен бастықтың (директордың) қолымен куәландырылған өтінім;
12. Құжаттар Ұйымдастыру комитетіне 12.03.2011 ж. дейін тапсырылады.
VI Конкурсты ұйымдастыру мен өткізу
13. Конкурс төмендегі тақырыптар бойынша (таңдауымен) ең үздік шығарма жазуға өткізіледі:
- «Еліміздің тағдырына қатыстымыз», «Еркіндік, бірлік, тұрақтылық, гүлдену үшін», «Жоғары мақсатқа – бірге жетеміз» (9-10 сыныптар);
- «Біздің бақытымыз – біздің қолымызда», «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылы», «Ертеңгі күнімізге сенімдіміз» (8-9 сыныптар).
14. Шығарма ұзын жолақты оқушы дәптерінде орындалып, көлемі бес беттен аспауы керек. Дәптердің сыртқы бетінде оқушының аты-жөні, сыныбы, мектебі, ауданы, қаласы жазылуы қажет.
15. Конкурсты қорытындылау жас ерекшеліктеріне қарай екі топ бойынша жүзеге асады: 8-9 сыныптар; 10-11 сыныптар.
16. Конкурс материалдарын бағалау өлшемдері:
- көзқарасының негізділігі;
- алға қойылған мәселесінің мәнінің ашылуы;
- қарастырылған мәселесінің маңыздылығының айқындалуы, дәлелдемелерінің болуы;
- өзіндігі, даралық қасиетін көрсетуі.
17. Конкурстың қорытындысы 2011 жылдың 20 наурызында Ұйымдастыру комитетіне ұсынылған материалдардың негізінде қорытындыланады.
VII Конкурстың қазылар алқасы
Конкурсты қорытындылап, жеңімпаздарды анықтау үшін қазылар алқасы құрылады.
19. Қазылар алқасының қызметі:
- Конкурс материалдарына бағалау жүргізеді;
- Конкурс жеңімпаздарын анықтайды.
20. Қазылар алқасының шешімі хаттамамен ресімделіп, төраға мен қазылар алқасы мүшелерінің қолы қойылады.
IX Конкурс жеңімпаздарын марапаттау
21. Жеңімпаздар білім басқармасының және Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының грамотамларымен марапатталады.
Х Конкурсты қаржыландыру
22. Конкурсты қаржыландыру ұйымдастырушылардың есебінен жүзеге асырылады.
23. Ұйымдастыру комитетіне конкурс жұмыстарын жеткізу шығындарын бағыттаушы ұйымдар көтереді.