ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы мемлекеттік тілдің рухани дамуы және қарым-қатынас құралы ретінде еркін меңгеретін лингвистикалық қабілеті жоғары және қазақ тілін үйренуге талаптанатын өзге ұлт оқушыларын анықтау, оларды әрі қарай дамыту мақсатында қазақ тілінен «Тіл - мемлекет тәуелсіздігінің символы» атты IX республикалық қашықтық олимпиадасы өтетіні жайлы хабарлайды.
Олимпиадаға республикадағы жалпы білім беретін мектептердің 5-10 сыныптарының өзге ұлт оқушылары қатыса алады. Олимпиада екі кезеңде өткізіледі:
I кезең оn-line желісі арқылы – 2014 жылдың 26 желтоқсанында;
II кезең – қорытынды – 2015 жылы қаңтардың 5-7 аралығында.
Олимпиаданың қашықтық (I) кезеңінде ең жоғары балл алған оқушы Астана қаласына 2015 жылғы 5-7 қаңтар күндері өтетін олимпиаданың қорытынды кезеңіне қатысуға шақырылады.
Қазылар алқасының шешімімен олимпиаданың қорытынды кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Дарын» РҒПО-ның I, II және III дәрежелі дипломдары мен мақтау қағаздарымен марапатталып, ескерткіш сыйлықтар беріледі. Барлық қатысушыларға сертификаттар тапсырылады.
Оқушылардың тіркелуі және I кезеңнің өткізілуі www.cdo.kz сайтында.
Олимпиаданың I кезеңінің қорытындысы www.daryn.kz және www.cdo.kz сайттарында жарияланады.
Барлық сұрақтар бойынша 8(7182) 65-29-77; 8 777 403-93-51 телефондарына хабарласуға болады.