+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Орталықта қуанышты жаңалық!!!
09 Жел, 08:03

Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық "Дарын" орталығының директорыЖанат Жеңісбекқызы Айтпаева Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды!

Жанат Жеңісбекқызының жемісті әрі жауапты еңбегі жоғары бағаланып, білім беру ісінің үздік қызметкерлеріне берілетін жоғары марапатымен Орталық ұжымы шын жүректен  құттықтайды.

Шығыс Қазақстан облысындағы дарынды балаларды анықтап, дамытып, қолдау көрсету бойынша атқарылып жатқан жұмысқа Жанат Жеңісбекқызының сіңіріп жүрген үлесі мол. Бүгінгі марапат соның бір дәлелі.

Жанат Жеңісбекқызы, Сіздің қуанышыңызға ортақтаса отырып, шығармашылық шабыттарыңыз шарықтай берсін, әлі талай биік асуларды бағындыра беріңіз деп тілек білдіреміз!