2014 жылы 2 – 5 желтоқсан аралығында Теміртау қаласында Қарағанды мемлекеттік индустриалды университетінің базасында жаратылыстану-математика пәндер циклы бойынша Республикалық Президенттік олимпиаданың ақтық кезеңі өтті. Олимпиадаға Қазақстан Республикасының барлық аймағынан 164 дарынды оқушы қатысты.
Олимпиада «Математика», «Химия», «Физика» және «Биология» пәндері бойынша 2 турда өтті.
Президенттік олимпиаданың екі турының қорытындысы бойынша:
- Риддер қаласының "Лицей" оқыту-тәрбие кешенінің 11 сынып оқушысы Васильев Василий күміс медальмен және ІІІ дәрежелі дипломмен;
- Семей қаласы экономикалық лицейдің 11 сынып оқушысы Нурахметов Жаслан қола медальмен және ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Олимпиадаға қатысушылар үшін ұйымдастырушылар қызықты мәдени-танымдық бағдарлама: Теміртау қаласының танымал жерлері - ҚР Тұңғыш Президентінің тарихи-мәдени орталығына және өлкетану мұражайына , т.б. жерлерге саяхат ұйымдастырды.
Жүлдегерлерді жеңістерімен құттықтаймыз! Олимпиаданың барлық қатысушыларына, ұстаздарына келешекте табыс тілейміз!