+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
8 - 11 сынып оқушылары арасындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінің қорытындысы
05 Жел, 16:12

Оқушылардың зерттеушілік қызметке тарту арқылы ғылыми-зерттеушілік, зияткерлiк-шығармашылық әлеуетін және танымдық қызығушылықтарын дамыту, дарынды оқушыларды айқындау, республикалық және халықаралық  конкурстарға дайындау, іріктеу үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатымен 2014 жылдың 5 желтоқсанында «Нұрорда»  Халықаралық мектебінің базасында 8 - 11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңі өтті.

Аудандық (қалалық) турлардың 482 жеңiмпазы облыстық кезең байқауына қатысты. Жас зерттеушілер өздерінің ғылыми жобаларын 16 секция бойынша қорғады: физика; техника; Жер және ғарыш туралы ғылым; математика; қолданбалы математика; экономика; информатика; химия; биология; қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы; тарих; құқықтану; өлкетану; әдебиет; этномәдениеттану және тiл бiлiмi.

Байқаудың қорытындысы бойынша 193 жоба жүлделi орынға ие болды.

I дәрежелi дипломмен – 53 қатысушы (39 жоба ), II дәрежелi дипломмен - 87 қатысушы (70 жоба ), III дәрежелi дипломмен- 99 қатысушы (83 жоба) марапатталды (Кесте)

Облыстық кезеңнің жеңімпаздары ағымдағы жылдың 19 желтоқсанында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының іріктеу кезеңіне (тестілеу)  қатысады.

Жүлдегерлерді жеңiстерімен құттықтаймыз және келесі кезеңдерде сәттілік тілейміз!