+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Жалпы білім беретін «Алтын белгі» аттестатын алуға үміткер оқушыларды «On- line» режимінде тестілеудің қорытындысы
04 Жел, 11:00

2014 жылы  26 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасының жоспарына сәйкес өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетімен бірлесіп облыс мектептерінің оқушыларын«Алтын белгі» аттестатын алуға үміткер оқушыларды он-лайн  режимінде тегін тестілеуден өткізді.

Осы акция оқушылардың пән бойынша өз білімдерін тексеруге, БҰТ-ге психологиялық дайындықтарына мүмкіншілік жасайды.

Қалалық (аудандық) білім бөлімдері және дарынды балаларға арналған арнайы мамандандырылған мектептерден «Алтын белгі» аттестатын алуға үміткер оқушылардан облыс бойынша 335 өтінім келіп түсті. Бірінші тестілеуге 255-і қатысты.

Ең жоғары ұпайды Зайсан ауданы Айнабұлақ ОМ оқушысы Өмірбекқызы Зейін  (125) және Өскемен қаласы дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық арнайы мектеп-гимназия-интернатының оқушысы Нурмуханбетова Азиза (110) алды. Ең төменгі нәтиже Жарма ауданы Карелин ат. ОМ оқушысы Узбеханова Аяла (23) көрсетті.

«Алтын белгі» аттестатын алуға үміткер оқушыларға  арналғанған шара жыл бойында әр айдың 26 күні өтеді. Сәттілік тілейміз!