2014 жылы 18 - 22 қараша аралығында "Бөбек" ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру, сауықтыру орталығында әлеуметтік жобалардың «Ізгілік – өмір нәрі» республикалық фестивалі өткізілді.
Фестиваль оқушылардың қоғамға қызмет етуге, өзін-өзі жетілдіруге, тануға, тұлғаның әлеуметтік белсенділігін дамытуға бағытталған қайырымдылық істерін ынталандыру, марапаттау мақсатымен өткізілді.
Шығыс Қазақстан облысының атынан қатысқан команда құрамында:
- Семей қаласының №29 орта мектеп оқушылары Каменская Анастасия, Балтабаева Жансая, жоба тақырыбы «Живой огонь в наших сердцах»;
- Зырян ауданы №9 орта мектептің оқушылары Тустекпаева Саида, Камбарханов Султан, жоба тақырыбы «Әлеуметтік қиын жағдайға ұшыраған балалардың денсаулықтарын нығайту»;
- Семей қаласының №39 орта мектеп оқушысы - Турсынтаева Асем, жоба тақырыбы «Дети – цветы жизни. Откуда берутся шипы? Проблема детской жестокости и роль литературы в решении данного вопроса».
Балалар адамзат үшін отбасы құндылықтарын сақтап, дамытатын ізгі, төзімді жан тәрбиелеу, өз тағдырын жасаушы, Отанының тағдырына немқұрайлы қарамайтын адам болу қажеттілігін өз жобаларында тағы да көрсетті.
Фестивальдің бағдарламасы өте қанық болды: конкурстық қорғаулар, өзін-өзі тану сабағы, дөңгелек үстел басындағы кездесулер, жаңа шығармашылық кездесулер т.с.с.
Фестиваль аяқталды, ал мейірімділікке, қайырымдылыққа, қуаныш пен сүйіспеншілікке бағытталған жобалар олардың қызметі маңызды екенін дәлелдеп, қатысушылардың жүрегін тағы да қуаныш кернеді.