Сіздерге мемлекетіміздің Елбасы Жолдауындағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» идеясын жүзеге асыру мақсатында Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы «Еліміздің тағдырына қатыстымыз», «Еркіндік, бірлік, тұрақтылық, гүлдену үшін», «Жоғары мақсатқа – бірге жетеміз» (9-10 сыныптар); «Біздің бақытымыз – біздің қолымызда», «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылы», «Ертеңгі күнімізге сенімдіміз» (8-9 сыныптар) тақырыптары бойынша облыстық шығарма конкурсын өткізетінін хабарлаймыз.
Шығарма ұзын жолақты оқушы дәптерінде орындалып, көлемі бес беттен аспауы керек. Дәптердің сыртқы бетінде оқушының аты-жөні, сыныбы, мектебі, аудан, қала жазылуы қажет. Конкурстық жұмыстар мемлекеттік, сонымен қатар орыс тілінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін өтінімді, конкурстық жұмыстарды 2011 жылдың 12 наурызына дейін мына мекен-жайға жіберулеріңіз керек: Өскемен қаласы, 30-Гвардиялық дивизия көшесі, 4; тел.: 8(7232) 75-77-19.