+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
ОБРАЗОВАТЕЛЬНО-ОЗДОРОВИТЕЛЬНАЯ ПРОГРАММА «DARYN ACTIVE – 2026» организации летнего отдыха, оздоровления и занятости детей в лагере «Дарын» для детей и подростков в возрасте 9-16 лет
Күн шуақты Бразилиядан жүлдемен
21 Қар, 11:21

Дарынды оқушылардың ғылыми-зерттеушілік, оқу-танымдық қызметін ынталандыру және қолдау мақсатында 2014 жылдың  27 – 31 қазанында Бразилияның Ново-Гамбург қаласында оқушылардың 29-шы Халықаралық  «MOSTRATEC» олимпиадасы өткізілді.

Олимпиадаға әлемнің барлық елдерінен оқушылар қатысты. Шығыс Қазақстан облысынан аймақтың намысын 2 оқушы қорғады.

Біздің оқушылар  еліміздің және облысымыздың абыройын қорғап күміс және қола медальдарды иеленді:   

күміс медаль - Мәдина Бахтығазинова Үржар ауданы, Көлденең орта мектебінің 11 сынып оқушысы;

қола медаль - Жандос Каримов Семей қаласындағы «Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік лицейінің 11 сынып оқушысы жеңіп алды.

Олимпиада қатысушылары үшін мәдени-танымдық қызықты бағдарлама және Ново-Гамбург қаласының тарихи танымал жерлеріне саяхат ұйымдастырылды.

Жеңімпаздарды, мұғалімдер мен ата - аналарды жеңістерімен құттықтаймыз! Болашақта табыс тілейміз!