+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Ұлт көшбасшысы туралы үздік шығармалар
21 Қар, 11:07

Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 2014 жылдың 20 қарашасы күні облысымыздың жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары арасында тұңғыш Президент күніне орай «Жарқын болашаққа бастаған Ұлт көшбасшысы» атты облыстық жас журналистер байқауын өткізді.

Байқаудың мақсаты – оқушылардың бойында қазақстандық патриотизмді және әлеуметтік белсенділікті қалыптастыру, өз елінің жетістіктерін құрметтейтін «қазақстандық – патриот» образын насихаттау, талантты жас журналистерді анықтап, қолдау.

Байқау 2 кезеңде өтті: I кезең – қалалық (аудандық), II кезең – облыстық.

Байқауға барлығы 84 үміткер қатысып, оның 19-ы жүлдегер атанды.

4 жүлдегер І орын, 6 – ІІ орын, 9 – ІІІ орын грамоталарымен марапатталды.

Қатысушылардың шығарма жұмыстары терең мазмұндылығымен, тақырыптың жан-жақты ашылуымен, мазмұндау шеберлігімен ерекшеленді. Оқушылар өз мақалаларында Елбасының белсенді қызметін еліміздің қарқынды дамуындағы сенімді кепілі екендігін атап көрсетті.

 Жеңімпаздарға грамоталар, қатысушыларға сертификаттар табысталды.