+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Мақтанышым – тәуелсіз Қазақстан» атты облыстық видеороликтер байқауын өткізу ЕРЕЖЕСІ
14 Қар, 13:16

І. Жалпы ереже

Бұл ереже Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне арналған «Мақтанышым – тәуелсіз Қазақстан» тақырыбындағы облыстық видеороликтер байқауының (ары қарай – Байқау) мақсаттары мен міндеттерін, ұйымдастырып, өткізу, қорытынды шығару, жүлдегерлерді анықтау  тәртібін белгілейді.

Байқаудың ұйымдастырушылары: Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасы, Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы.

Байқаудың мақсаты – оқушылардың бойында қазақстандық патриотизмді және  әлеуметтік белсенділікті қалыптастыру, жастардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Байқаудың міндеттері:

- Шығыс Қазақстан облысының шығармашыл дарынды оқушыларын анықтап, қолдауға жағдай жасау;

- өз елінің жетістіктері мен табыстарын құрметтейтін «қазақстандық – патриот» образын насихаттау.

II. Байқаудың ұйымдастыру комитеті

Байқауды ұйымдастырып, өткізу үшін ұйымдастыру комитеті құрылады.

Ұйымдастыру комитеті:

- байқауға дайындық жүргізу мен өткізуге тікелей басшылық етеді;

- қазылар алқасы құрамын құрып, бекітеді;

- байқауға қатысуға қажетті материалдар мен өтінімді қабылдайды;

- байқау қорытындысын сараптап, қорытады;

- бұқаралық ақпарат құралдарында байқауға дайындық жұмыстары мен өтуі туралы, нәтижелерінің жариялануын қамтамасыз етеді.  

III. Байқауға қатысушылар

Байқауға облыстың жалпы білім беретін мектептерінің 8-11 сынып оқушылары қатыса алады.

Байқауға қатысу үшін әр аудан/қаладан облыстық мамандандырылған мектептерден «Мақтанышым – тәуелсіз Қазақстан» тақырыбына 2 үздік бейнеролик қабылданады.

IV. Байқауға қатысуға қойылатын талаптар

Жұмысты ресімдеуге қойылатын талаптар:

1) Бейнематериалдың көрсетілу ұзақтығы 3 минутқа дейін болуы қажет.

2) Бейнематериал байқаудың тақырыбы мен мазмұнына сай болуы шарт.

3) Ұйымдастыру комитетіне бейнеролик DVD дискіде тапсырылады.

Байқауға қатысу үшін өтінім жіберу қажет.

Өтінім үлгісі:

Қатысушының                   аты-жөні

Қала/аудан

Мектеп

Сынып

Қатысушыны дайындаған жетекшінің аты-жөні

 

 

 

 

 

 

Байқауға қатысу үшін аудандық/қалалық білім беру бөлімдері басшыларының, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп директорларының қолымен куәландырылған өтінімді 2014 жылдың 5 желтоқсанына дейін Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 21 (ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы) немесе vk_daryn@mail.ruэлектронды поштасына жіберу керек.

Байқауға ұсынылған жұмыстар рецензияланбайды, қайтарылмайды.

Байқаудың қорытындысы 2014 жылдың 8 желтоқсанында шығарылады.

Байқау жұмыстарын бағалау төмендегі критерийлер бойынша жүргізіледі:

- материалдардың байқау мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігі;

- материалдардың қоғамдық-әлеуметтік маңыздылығы;

-.материалды ұсыну объективтілігі, ерекшелігі, аналитикалық көзқарасы;

- мазмұндаудың дәлелділігі және тақырыптың терең ашылуы;

- мазмұндау тілінің көркемдігі, нақтылығы және түсінікті етіп жеткізуі, мазмұндау шеберлігі;

- композициялық шешімнің сапасы мен логикалық жеткізілуі;

- материалды публицистикалық стильде беру.

V. Қорытындылау. Байқау жеңімпаздарын марапаттау

Жүлдегерлер грамотамен марапатталады. Барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етіледі.

VI. Байқауды қаржыландыру

Байқауды қаржыландыру құрастырылған және бекітілген сметаға сәйкес жүзеге асырылады.