2011 жылы 12 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы және өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы Өскемен қаласының облыстық әкімшілік мәжіліс залында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Машбекұлы Сапарбаевтың халықаралық интеллектуалдық олимпиадалар мен жарыстардың жүлдегерлері – дарынды оқушылармен және мектеп түлектері – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлерімен кездесуін өткізеді.
Кездесуге шақырылғандар арасында – Нигерия, Греция, Кипр аралы, Венгрия, Швейцария, Ресейде өткен оқушылардың халықаралық ғылыми олимпиадаларының жүлдегерлері болған Өскемен қаласының жалпы білім беретін мектептерінің (№№3, 19, 24, 39), Зайсан ауданының (Әуезов атындағы орта мектеп), Зырян ауданының (мектеп-лицей), дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептерден: Өскемен, Семей қалаларындағы қазақ-түрік лицейлерінің, Өскемен қаласындағы №34 мектеп-лицейдің, Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы №5 мектеп-гимназияның дарынды оқушылары бар. Сондай-ақ кездесуге Президенттің «Болашақ» бағдарламасы бойынша әлемнің ең таңдаулы жоғарғы оқу орындарында білім алған 6 түлек және 2 меценат шақырылды.
Кездесуге дейін қатысушылар үшін, «Болашақ» бағдарламасының түлегі, аппарат жетекшісінің орынбасары Е.М.Аукенов, облыстық әкімдіктің ғимаратында экскурсия жүргізді. Кездесу барысында облыс әкімі Б.М.Сапарбаев оқушыларға арнап сөз сөйледі. Балалар Бердібек Машбекұлын өздерінің ғылыми жұмыстарының нәтижелерімен таныстырды. Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы мен меценаттардың басқарып отырған кәсіпорындары арасында («VITA» кәсіпорындар тобы» ЖШС және «Кудушева Б.Х.» ЖК) ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Облысымыздың әкімі Бердібек Машбекұлына дарынды оқушылар қолдау көрсеткеніне алғыс білдіріп, жаңа жетістіктер мен жеңістерге ұмтылудың және өздерінің болашақтарына сенімділіктерінің белгісі ретінде «Дарын» хрусталь кубогін сыйға тартты.
Кездесу кезінде қатысушыларға алғыс хаттар мен сыйлыққа берілді. Кездесуге қатысушылар облыс әкімімен бірге естелікке суретке түсті.