I. Жалпы ереже
Аталған ереже облыстық «Тәуелсіздік-теңдесі жоқ байлығым» атты авторлық өлеңдер байқауының ұйымдастыру және өткізу тәртібін, қорытындысын шығаруды белгілейді (ары қарай – Байқау).
Облыстық байқаудың ұйымдастырушысы: Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасы, Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми- практикалық «Дарын» орталығы (ары қарай - ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы).
Байқаудың мақсаты:
- өскелең ұрпақты патриотизмге және Қазақстанның дәстүрі мен тарихын құрметтеуге тәрбиелеу.
Міндеттері:
- дарынды оқушыларды анықтау, болашақта олардың дамуына ықпал ету;
- ұлттық құндылықтар мен өмірлік адамгершілік-эстетикалық қағидаларын қалыптастыру.
II. Байқауды ұйымдастыру комитеті
Байқауды ұйымдастыру және өткізу үшін ұйымдастыру комитеті құрылады (ары қарай - Ұйымдастыру комитеті).
Ұйымдастыру комитеті:
- байқаудың дайындығы мен өткізілуіне байланысты сұрақтар бойынша шешім қабылдап, олардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
- қазылар алқасының құрамын бекітіп, ұйымдастыру сұрақтарын шешеді;
- байқауға қатысуға өтініштер қабылдайды;
- байқаудың өткізілу түрін анықтайды;
- бағалау өлшемдерін анықтайды;
- байқауға талдау жасап, қорытындылайды, жеңімпаздарды марапаттайды.
ІІІ. Байқауға қатысушылар
Байқауға Шығыс Қазақстан облысының қалаларының (аудандарының) жалпы білім беретін мектептерінің 5-10 сынып оқушылары қатыса алады.
Байқау төмендегі жас ерекшеліктеріне қарай өткізіледі:
- 5-6 сыныптар;
- 7-8 сыныптар;
- 9-10 сыныптар.
Байқауға әр қаладан (ауданнан) 6 оқушыдан (әр жас ерекшеліктері бойынша 2 оқушыдан: қазақ тілінде білім алатын мектептен 1, орыс тілінде білім алатын мектептен 1 қатысады. Облыстық мамандандырылған мектептерден әр жас ерекшеліктеріне байланысты 1 оқушыдан қатысады (мектептегі оқыту тіліне байланысты).
III. Байқауды ұйымдастыру мен өткізу шарттары
Облыстық байқау іштей 2 тур бойынша өтеді:
І тур – берілген тақырыпқа байланысты өлең құрастыру - орындау уақыты 120 минут.
ІІ тур – өз шығармасын орындау. Әрқайсысы тек 1 ғана өлең оқиды. Өлең орындау уақыты 5 минуттан аспауы шарт. Орындау кезінде оқушылар презентациялар, музыкалық сүйемелдеу, декорациялар, костюмдер қолдануларына болады. Қатысушы дауысын жазып, пайдалануға болмайды. Әрбір қатысушы шығармаларын орындау кезінде өзге адамның көмегіне жүгінбей өздігінен орындайды.
Шығармалардың жанры (І және ІІ тур үшін): өлеңдер, прозадағы өлеңдер, поэма, баллада және тағы басқалар.
Байқау 2014 жылдың 11 желтоқсанында Өскемен қаласында өткізіледі.
Байқауға қатысу үшін өтінім жіберу қажет.
Өтінім үлгісі:
|
№ |
Қатысушының аты-жөні |
Аудан/қала |
Мектеп, сынып |
Орындайтын шығарманың аты |
Қатысушыны дайындаған мұғалімнің аты-жөні |
Қалалық (аудандық) білім бөлімдері басшыларының, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептердің директорларының қолы қойылған өтінім 2014 жылдың 5 желтоқсанына дейін Өскемен қаласы, Ворошилов көшесі, 79 (ШҚӨҒП «Дарын» орталығы) немесе электронды поштасында vk_daryn@mail.ru қабылданады. Оқушының 2 турда орындайтын өлеңінің мәтінін өтініммен қоса электронды нұсқада жіберу қажет.
IV. Байқау жұмыстарының бағалау өлшемдері
|
Өлшемдер |
Жоғары ұпай |
|
Сауаттылығы, әдеби тілге сәйкестігі |
3 |
|
Көркемділігі мен мазмұндылығы (көркем образ бойынша берілген - ойы, сезімі, қобалжуы) |
5 |
|
Поэтикалық сауаттылығы (өлшем, ырғақ, ұйқас, әуенділік) |
5 |
|
Байқау тақырыбына сәйкестігі |
3 |
|
Шығармасының ерекшелігі |
3 |
|
Өлеңнің тереңділігі, логикалық байланысы, композициялығы. |
3 |
|
Мәнерлеп оқуы, тілінің нақтылығы (екпіні, интонациясы, оқу екпіні, дауыс ырғағы, эмоциалық-экспрессиялық орындау мәнері) |
5 |
|
Актерлық шеберлігі |
3 |
|
Орындауды көркемдеу: презентациясы костюмінің болуы декорациясының болуы музыкамен сүйемелдеуі |
10 3 2 3 2 |
|
Барлығы: |
40 |
V. Қорытындылау. Байқаудың жеңімпаздарын марапаттау.
Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар беріледі (әр жас ерекшеліктері бойынша жеке).
Жеңімпаздар грамоталармен марапатталып, барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етіледі.
Оқушылардың үздік өлеңдері «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым» атты жинаққа енеді.
VII. Байқауды қаржыландыру
Конкурсты қаржыландыру құрастырылған және бекітілген сметаға сәйкес жүзеге асырылады.
Қатысушылардың іссапар шығындары (жолы, жатын орны, тамақтануы) жіберуші жақ есебінен жүзеге асырылады.