Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 2014 жылдың 11 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай 5-10 сынып оқушылары арасында «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым» атты облыстық авторлық өлеңдер байқауын өткізетіндігін хабарлайды.
Байқаудың басты мақсаты: өскелең ұрпақты патриотизмге және Қазақстанның дәстүрі мен тарихын құрметтеуге тәрбиелеу.
Байқауға Шығыс Қазақстан облысының қалаларының (аудандарының) жалпы білім беретін мектептерінің 5-10 сынып оқушылары қатыса алады.
Байқау іштей төмендегі жас ерекшеліктеріне қарай өткізіледі:
- 5-6 сыныптар;
- 7-8 сыныптар;
- 9-10 сыныптар.
Әр қаладан (ауданнан) 6 оқушыдан (әр жас ерекшеліктері бойынша 2 оқушыдан қатыса алады). Облыстық мамандандырылған мектептерден әр жас ерекшеліктеріне байланысты 1 оқушыдан қатысады.
Байқаудың толық ережесі http://shygysdaryny.kz сайтында жарияланған.
Қалалық (аудандық) білім бөлімдері басшыларының, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептердің директорларының қолы қойылған өтінім 2014 жылдың 5 желтоқсанына дейін Өскемен қаласы, Ворошилов көшесі, 79 (ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы) және электронды поштасында vk_daryn@mail.ru қабылданады.
Қатысушы 2 турда орындайтын өлеңінің мәтінін өтініммен қоса электронды нұсқада жіберу қажет.
Өтінім үлгісі:
|
№ |
Қатысушының аты – жөні |
Аудан/қала |
Мектеп, сынып |
Орындайтын шығарманың аты |
Қатысушыны дайындаған мұғалімнің аты-жөні |