2014 жылдың 6 қарашасында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы Өскемен қаласы, «Дарынды балалар үшін мамандандырылған №34 мектеп-лицейі» базасында республикалық инновациялық-педагогикалық идеялар фестивалінің облыстық кезеңін өткізді.
Фестивальдың мақсаты – Шығыс Қазақстан облысының жалпы білім беретін мектептерінің басшылары мен мұғалімдерінің инновациялық тәжірибесін зерделеу және тарату.
Фестиваль 5 бағыт бойынша өткізілді:
- «Білім берудегі менеджмент жүйесі...» (жалпы орта білім беру ұйымдарының директорлары);
- «Әр түрлі сабақ, бірақ әрқайсысында шебердің қолы» (пән мұғалімдері);
- «Сабақтан соң...» сынып жетекшілері, тәрбиешілер, әлеуметтік педагогтар, психологтар);
- «Шеберліктің шыңына...» (педагог-инноваторлар);
- «Қосымша білім беру педагогы» (қосымша білім берудің педагогикалық қызметкерлері).
Фестивальдің облыстық кезеңінің іріктеу айналымына 128 қатысушы өтінім берді. 76 инновациялық жоба фестивальдің облыстық кезеңіне қатысуларына ұсынылды.
Фестивальға қатысушылардың жұмысын облыстың алдыңғы қатарлы ЖОО ғалымдары (С. Аманжолов ат. ШҚМУ, Өскемен қаласындағы МЭСИ филиалы, Семей қаласының Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университеті өкілеттілігі, ҚАЕУ), сонымен қатар «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы Акционерлік Қоғамы филиалы ШҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының қызметкерлері бағалады.
Педагогтардың инновациялық жобалары келесі критерилер бойынша бағаланды:
- инновациялық идеяның өзектілігі;
- мазмұнының жаңашылдығы, ұсынылған идеяның танымдық құндылығы;
- жүйелілігі (үдерістің логикасы, біртұтастығы);
- жобаның инновациялық түрде берілуі;
- тәрбиелік және даму аспектілері;
- нәтижелігі;
- трансляциялығы;
- рәсімдеу бойынша талаптардың сәйкестігі;
Облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша 31 қатысушы жүлдегер атанды. Олардың арасында Күршім, Ұлан, Шемонаиха аудандарының ауылдық мектептерінің мұғалімдері бар болғаны қуантарлық жайт.
Жалпы алғанда, қазылар алқасы педагогтардың дарынды оқушыларды анықтау мен дамыту бойынша облыс мектептерінде жағдай жасауға бағытталған жобаларының өзектілігін көрсетті. Қатысушылар фестивальдің әлеуметтік маңыздылығын атап өтті және берілген жұмыс формасы мұғалімдердің шығармашылық жобалары мен идеяларын жүзеге асыруға ықпал етеді деген пікір айтты: «Заманауи мектеп алдына қойылған міндеттерді шешуде мұғалім жұмысының үлкен маңыздылығы бар. Мұндай жұмыс педагогикалық шеберліктің шыңдалуын қамтамасыз етеді. Ұйымдастыру формаларының өзектілері конференциялар, семинарлар, көрмелер, фестивальдер болып табылады. Облыстық білім басқармасы және ғылыми-практикалық «Дарын» орталығымен білім сапасын арттыруға, оқушылардың қабілеттерін дамытуға бағытталған педагогтардың шығармашылық идеяларын көрсетуге жағдай жасалатыны өте тамаша», - дейді Күршім ауданының №3 мектеп-гимназиясының әлеуметтік педагогы Мелисова Самал Абильсеитовна.
«Фестиваль конкурстық қозғалыстар мен педагогикалық бірлестіктер инновациялық білім беру технологиялары мен әдістемелерін анықтау және тарату жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылуда. Ол инновация режимінде белсенді қызмет атқаратын педагогтар үшін тамаша демонстрациялық алаң болып табылады», - деп, Жарма ауданындағы Шәкенов атындағы орта мектеп директоры Нургалиев Райым Жолдасбекович өз әсерімен бөлісті.
Фестиваль жұмысында педагогикалық идеяларды демонстрациялау ғана емес, сонымен бірге, оларды түзету бойынша жасалған ұсыныстар да жоғары бағаға ие болды. Облыстық фестиваль көптеген жас педагогтар үшін мәре алаңы болды, себебі, олар үшін шебер мұғалімдердің тәжірибесін тамашалау ғана емес, өздерінің педагогикалық табыстарымен бөлісуге мүмкіндік туды.
Үздік инновациялық жобалар 2014 жылдың 11-12 желтоқсанында Алматы қаласында өтетін республикалық инновациялық-педагогикалық идеялар фестивалінің іріктеу айналымына қатысуға ұсынылды.
Республикалық инновациялық-педагогикалық идеялар фестивалінің облыстық кезеңінің жүлдегерлері атанған педагогтар тізімі қоса беріледі.