+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Математика, физика, химия, биология пәндері бойынша өткізілген оқушылардың Президенттік олимпиадасының облыстық кезеңінің қорытындысы
30 Қаз, 16:55

2014 жылдың 30 қазанында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын»  орталығы облыс мектептерінің 11-сынып оқушылары үшін   жаратылыстану-математика пәндері бойынша Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңін өткізді.

Шараның өткізілу мақсаты – дарынды балаларды айқындау үшін қажетті жағдайлар жасау, оқушылардың  жаратылыстану-математика пәндері бағытына қызығушылықтарын дамыту және олардың кәсіптік бағдарларын қалыптастыру.

Олимпиада Өскемен қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде өткізілді. Облыстың 10 аудан, қалаларынан және 9 облыстық дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған білім мекемелерінен олимпиадаға 74 оқушы қатысты. Әр оқушы 4 пән (математика, физика, химия және биология) бойынша тапсырмалар орындады.

Оқушылардың жұмыстарын құрамында өңірдің жетекші жоғарғы оқу орындарының ғалымдары бар қазылар алқасы бағалады.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша 20 оқушы жүлдегер атанды.

І дәрежелі дипломдармен:

- Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған Шығыс Қазақстан облыстық арнайы мектеп-лицей-интернатының оқушысы Сапарбек Аршын;

- Шемонаиха ауданы Островский атындағы мектеп-гимназия оқушысы Попова Екатерина.

II орын:

- Семей қаласы экономикалық лицейдің оқушысы Нурахметов Жаслан;

- Риддер қаласы "Лицей" оқыту-тәрбие кешені оқушысы Васильев Василий;

- Өскемен қаласындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған №34 мектеп-лицей оқушысы Дериглазова Мария;

- Өскемен қаласындағы облыстық мамандандырылған физика, математика және информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мектеп оқушысы Рысдаулетова Лаура;

- Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған Шығыс Қазақстан облыстық арнайы мектеп-лицей-интернатының оқушысы Кәрімова Айдана;

- Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған Шығыс Қазақстан облыстық арнайы мектеп-лицей-интернатының оқушысы Қуанышбекова Перизат;

- Өскемен қаласындағы №11 мектеп-гимназияның оқушысы Риде Галина;

- Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған Шығыс Қазақстан облыстық арнайы мектеп-лицей-интернатының оқушысы Ерлан Маргулан.

III орын:

- Семей қаласы №6 гимназия оқушысы Семенец Анна;

- Семей қаласының Шәкәрім атындағы облыстық үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектебінің оқушысы Азбебаева Арайлым;

- Риддер қаласындағы "Лицей" оқыту-тәрбие кешені оқушысы Соколова Евгения;

- Семей қаласының дарынды балаларға арналған         Ш. Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернатының оқушысы Билялов Алмас;

- Тарбағатай ауданының Қ. Билялов атындағы гимназиясының оқушысы Кайырбеков Салауат;

- Өскемен қаласындағы облыстық мамандандырылған физика, математика және информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мектептің оқушысы Атымханова Мәдина;

- Өскемен қаласындағы облыстық мамандандырылған физика, математика және информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мектептің оқушысы Омарова Аяужан;

- Семей қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік лицейінің оқушысы Зацепин Дмитрий;

- Шемонаиха ауданының №5 орта мектебінің оқушысы Момын Нұрила;

- Өскемен қаласының №2 мектеп гимназиясының оқушысы Егизбаев Канат.

Өңірлік кезең қорытындысы бойынша І, ІІ, ІІІ орын алған оқушылар Республикалық Президенттік олимпиаданың іріктеу кезеңіне Шығыс Қазақстан облысынан қатысуға ұсынылады.

Іріктеу кезеңі 2014 жылы 14 қарашада турлар бойынша өткізіледі:

- 1 - қашықтықтан;

- 2 – шығармашылық (қашықтықтан өткізілетін уақытта эссе жазу). Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңінің ақтық турына қатысушылардың тізімі бекітіледі.

Жүлдегерлерді жеңістерімен құттықтаймыз! Олимпиаданың барлық қатысушыларына, ұстаздарына келешекте табыс тілейміз!