Сіздерге математика, физика, химия, биология пәндері бойынша Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңі (ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығының 2014 жылдың 18 қыркүйегіндегі №03-05/772 хатына сәйкес) ағымдағы жылдың 30 қазанында Өскемен қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде (Комсомол көшесі 43/1) өткізілетіндігін хабарлаймыз.
Қатысушыларды тіркеу сағат 9.00-де. Олимпиаданы өткізу бағдарламасы қоса беріледі.
Аудандық, қалалық білім беру бөлімдерінің басшылары, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп директорлары:
1) өтінімге сәйкес оқушылардың қатысуын қамтамасыз етсін;
2) қатысушы оқушыларды шара өтетін орынға дейін апарып, алып қайтатын жауапты жетекшіні тағайындап, оған сапар барысында, шара кезінде оқушылардың өмірі мен қауіпсіздігіне жауапкершілік жүктесін.
Президенттік олимпиаданың қорытындысы 2014 жылдың 31 қазанында ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығының www.shygysdaryny.kz сайтында орналастырылады.
Президенттік олимпиадаға қатысушылардың барлығы өздерімен бірге міндетті түрде:
1) жеке куәлігінің көшірмесін;
2) Менделеевтің периодтық таблицасын;
3) калькулятор (математикадан басқа пәнге)ала келулері қажет.