Сіздерге 1-7 сыныптарға арналған республикалық «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсы (ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығының 2014 жылғы 26 тамызындағы №03-05/685 хатына сәйкес) ағымдағы жылдың 6-8 қарашасы күндері Өскемен қаласы, дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық арнайы мектеп-гимназия-интернаты базасында (Өскемен қаласы, Амурская көшесі 12/1) өткізілетіндігін хабарлаймыз.
Әр аудан (қала), облыстық мамандандырылған мектептерден қатысушылар мен бір жетекшіге жатар орын мен тамақтану – тегін. Келу күні 6 қарашада, сағат 16.00-ден бастап, кету күні 8 қараша, сағат 09.00. Конкурсты өткізу бағдарламасы қоса беріледі.
Қатысушылардың барлығы өздерімен міндетті түрде:
1. туу туралы куәлігінің көшірмесін;
2. жоба қорғауға презентациялары мен баннерлерін;
3. медициналық мекемеден арнайы анықтама (қосымша орысша нұсқада);
4. күнделікті және салтанатты киім;
5. концерттік нөмірлерге (бар болса) - костюмдер, фонограмма, музыкалық аспаптарын алып келулері қажет.