Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес, 2014 жылы 28 қазан күні өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы Өскемен қаласында «Түрлі деңгейдегі ғылыми жобалар конкурстарына оқушыларды дайындау жөніндегі ұсыныстар» тақырыбында облыстық оn-line оқыту семинарын өткізді.
Семинар www.sabak.kz сайтының VKO бөлмесінде өтеді.
Шараның мақсаты – оқушылардың зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бойынша мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету.
Семинарға интерактивті режимде барлық білім беру мекемелерінің қызметкерлері және жалпы білім беретін мектептерде зерттеу жұмыстарымен шұғылданып жүрген дарынды оқушылар қатысты.
On-Line семинар лекторлары ретінде облысымыздың алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орындарының ғалымдары – оқушылардың облыстық ғылыми жобалар конкурстарының тұрақты әділқазы мүшелері ой бөлісті.
- Б.А. Мұкұшев - п.ғ.д., Шәкәрім ат. СМУ физика кафедрасының профессоры;
- Надежда Александровна Завалко – п.ғ.к., С.Аманжолов ат. ШҚМУ профессоры;
- Мураткан Набенович Мадияров - т.ғ.к., доцент, С.Аманжолов ат. ШҚМУ математика кафедрасының меңгерушісі
- Женисгуль Зейнешовна Жантасова - т.ғ.к., С.Аманжолов ат. ШҚМУ математикалық модельдеу және компьютерлік технология кафедрасының меңгерушісі;
- Александр Максимович Павлов - С.Аманжолов ат. ШҚМУ ф-м.ғ.к., физика кафедрасының профессоры;
- Дамен Аукиловна Нургалиева п.ғ.к.,С.Аманжолов ат. ШҚМУхимия кафедрасының доценті
Ғалымдар Түрлі деңгейдегі жалпы білімдік пәндер негізінде ғылыми жобалар жазу бойынша ұсыныстар жасап, таңдалынатын тақырыптардың өзектілігі мен бағыттарын қарастыра келе, жіберілетін бірегей қателіктерін көрсетті.
Семинар шеңберінде түрлі деңгейдегі ғылыми жобалар конкурсының жүлдегерлері өздерінің ғылыми жұмыстарын көпшілік алдында қорғады.
Арнайы семинар үшін «Дарын» орталығы «Жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар конкурсына оқушылар дайындауға ғылыми-әдістемелік ұсыныстарын» жарыққа шығарды.
Семинар диалог режимінде өткендіктен, қатысушылар өздерін толғандыратын сұрақтарын қойды. Мысалы, Қандай критерилер бойынша оқушылардың ғылыми жобалары бағаланады? Облыстық кезеңнің жүлдегері болып халықаралық деңгейде өткізілетін конкурсқа қатысуға бола ма? Ғылыми жобалар конкурсы облыстық кезеңінің жүлдегері бола отырып университет грантын иелене ала ма? Ғылыми жобаға рецензия алу үшін жоғарғы оқу орындары оқытушыларының тізімін жасақтау мүмкін бе? Жобаның жетекші-мұғалімдеріне жұмысты қорғау барысында қатысуға бола ма? және т.б.
Өскемен қаласының оқушылардың ғылыми қоғамының жетекшілері On-Line семинарда ғылыми жобалар конкурсының жүлдегерлері өздерінің ғылыми жұмыстарын қорғау үлгілерін көрсетуді ұсынды.
Қорытынды шығару уақытында тыңдаушылар осындай семинардың өзектілігі және қажеттілігін атап өтіп, бірқатар мәселелерді шешуде, соның ішінде оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарын жергілікті жерде ұйымдастыруға мүмкіндік беретіндігін атап өтті.
Жалпы алғанда, семинарды ұйымдастырушыларға - білім басқармасы және «Дарын» орталығына, сонымен қатар қатысушыларына алғыс сөздер айтылды:
- Бохаева А.С., Бородулиха ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинеттің меңгерушісі: «Оқушылардың ғылыми жобаларына арналған On-Line семинарының қатысушысы болдық. Жоба тақырыптарын таңдау, жұмыстарды бағалау критерилері бойынша көп ақпарат алдық. Республикалық, халықаралық ғылыми жобалар конкурсының жүлдегер оқушыларының көпшілік алдында өз жұмыстарын қорғауы өте ұнады. Білім басқармасы және «Дарын» орталығына көрсеткен көмектері үшін алғысымызды білдіреміз. Бізге қажет және ақпаратты семинар болды».
- Рустемова Г., облыстық мамандандырылған қазақ түрік мектеп-лицей-интернаты, Семей қаласы: "Ұйымдастырушыларға қызықты және өзекті семинар өткізгендері үшін алғысымызды білдіреміз. Біз өзімізді толғандырып жүрген сұрақтарымызға жауап алдық. Өз мектебімізде семинарда алған ұсыныстарды ескере келе, дарынды балалармен жұмысымызды жалғастырамыз".
- Сейтбаева М.А., Күршім ауданы білім беру бөлімінің әдіскері «Ғылыми жобалар конкурсының қазылары – жоғарғы оқу орындарының ғалымдарымен тікелей байланысқа шығуға мүмкіндік туғанына қуаныштымыз. Жалпы қарапайымдылығы, материалдардың қолжетімділігі мысалдарды келтіре отырып, көрсетілген жобалардың барлығы ұнады. Оқушылардың ғылыми міліметтерді меңгере отырып, еркін сөйлеуі таңқалдырды».