Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 2014 жылдың 4 мен 9 қарашасы аралығында Шүлбі кентіндегі «Дарын жұлдыздары» жыл бойғы оқу-сауықтыру лагерінің базасында 7-9 сынып оқушылары үшін физика және математика пәндері бойынша бейіндік ауысым ұйымдастырылатынын хабарлайды. Бейіндік ауысымның аясында математика және физика пәндері бойынша юниорлық олимпиада өткізіледі. Бағдарлама қоса беріледі.
Бейіндік ауысымға қатысуға математика және физика пәндері бойынша қалалық/аудандық олимпиада резервінің құрамына кіретін оқушылар жіберіледі.
Аудандық, қалалық білім бөлімдерінің басшылары, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп директорлары:
1) Бейіндік ауысымға және юниорлық олимпиадаға қатысу үшін 7-8 сыныптардан (математикадан - 1 оқушы, физикадан - 1 оқушы) және 9 сыныптан (математикадан -1 оқушы, физикадан - 1 оқушы) сапалы іріктеу өткізсін;
2)2014 жылдың 24 қазанына дейін құрамында 4 оқушыдан тұратын команданың өтінімін ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығына тапсырсын;
3)бағдарламадағы көрсетілген мерзімге сәйкес бейіндік ауысымға қатысушылардың келіп, кетуін қамтамасыз етсін;
4)30 қазанға дейін командалардың келіп, кету кестесін ұсынсын;
5)бейіндік ауысымға қатысушы оқушыларды шара өтетін орынға дейін апарып, алып қайтатын жауапты жетекшіні тағайындап, оған сапар барысындағы оқушылардың өмірі мен қауіпсіздігіне жауапкершілік жүктесін;
6).қатысушылардың жол шығындары жіберуші білім мекемелерінің есебінен өтелсін.
Оқушылардың тамақтануы, жату орны және оқуы ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығының есебінен төленеді.
Өтінімдер ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығына: Өскемен қ., Ворошилов көшесі, 79-үй мекен-жайы бойынша қабылданады, тел/факс 8/7232/ 55-20-12, 700-244, e-mail vk_daryn@mail.ru.
Өтінім үлгісі:
|
Қатысушының аты-жөні (Құжат бойынша) |
Аудан/қала |
Мектеп |
Сынып |
Оқыту тілі |
Пән |
Қатысушы дайындаған мұғалімнің аты-жөні |
Үйлестіру шінің электронды адресі, телефоны
|
Қатысушыларға қажетті медициналық анықтамалар мен заттардың тізімі қосымшада беріледі (орыс тілінде).