+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың мектепшілік/қалалық /аудандық кезеңін өткізу бойынша ақпараттық хабар
17 Қаз, 08:14

Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы оқушылардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту, республикалық, халықаралық олимпиадаларға оқушыларды іріктеп, дайындау мақсатымен  жыл сайын жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалықолимпиада өткізілетінін (бұдан әрі – олимпиада) хабарлайды.

Олимпиада жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер («Математика», «Физика»,«Химия»,«Биология», «География», «Информатика» пәндері) және қоғамдық - гуманитарлык  бағыттағы ( «Тарих», «Құқықтану», «Орыс мектептеріндегі қазақ тілі», «Қазақ тілі және әдебиеті»,«Қазақ мектептеріндегі орыс тілі», «Орыс тілі және әдебиеті», «Ағылшын тілі», «Француз тілі», «Неміс тілі») пәндері бойынша өткізіледі.

«Орыс мектептеріндегі қазақ тілі»пәнінен қазақтан өзге ұлт өкілдері қатысады.

Олимпиаданы өткізу ережесі www.shygysdaryny.kz. сайтында орналасқан.

    Осыған орай, қалалық (аудандық) білім беру бөлімдерінің басшылары, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп директорлары:

1) 2014 жылдың 20 қарашасына дейін  олимпиаданың мектеп кезеңін;

2).2014 жылдың желтоқсанында олимпиаданың аудандық/қалалық кезеңін  өткізулері қажет.

     Аудандық/қалалық кезеңдерді өткізу мерзімі туралы ақпарат қосымша беріледі.

Ағымдағы жылдың 21 қарашасына дейін Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығына олимпиаданың мектеп кезеңін өткізу қорытындысы бойынша есепті аудандық/қалалық білім беру бөлімдерінің басшыларының, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп директорларының қолымен бекітіп өткізу қажет.

Олимпиада бойынша есепті бірыңғай формада (1,2,3,4,5 қосымшалар) қағазжәнеэлектронды нұсқада(Exсel бағдарламасында) ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығына: Өскемен қаласы, Ворошилов көшесі, 79  мекенжайына өткізу қажет; тел/факс: 8/7232/552-012,е-mail:vk_daryn@mail.ru.