Жалпы білім беретін мектептердің оқушыларының астрономия, физика, космонавтикаға деген қызығушылықтарын арттыру, космос және космостық технология туралы білімдерін белсендіру мақсатында 2014 жылдың 5-12 қазан күндері «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық және сауықтыру орталығында IV Республикалық астрономиялық турнир болып өтті.
Республикалық турнирде Қырғыз елінің және Қазақстан Республикасының 15 өңірінен командалар бас қосты.
Шығыс Қазақстан облысы командасының құрамында Өскемен қаласы мен Зырян ауданынан 4 оқушысы болды.
Астротурнирде оқушылар күрделі зерттеулермен ғылыми мәселелерді шешуде жақсы білімдерін көрсетті, өздерінің шешімдерін нақты ұсынып, оны ғылыми пікірталаста қорғап шыға алды. Турнирдің қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының командасы ІІІ орынды иеленді.
Турнирдің салтанатты жабылуында ІІІ дәрежелі дипломдармен:
- Өскемен қаласындағы облыстық дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының 11 сынып оқушысы Нұрлыбек Ердәні;
– Өскемен қаласындағы №10 мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы Айтқазы Абылай;
- Өскемен қаласындағы №27 орта мектебінің 10 сынып оқушысы Чанова Карина;
- Зырян ауданы Чапаев атындағы орта мектептің 8 сынып оқушысы Преснецова Анастасия марапатталды.
Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз. Жаңа табыстар мен жетістіктер тілейміз!