+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
"Өзін-өзі тану" пәні бойынша олимпиаданың жүлдегерлері анықталды
10 Қаз, 09:35

2014 жылдың 08-10 қазаны аралығында Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 7-9 сынып оқушылары арасында «Өзін- өзі тану» пәні бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңін өткізді.

Олимпиада Шүлбі кентіндегі «Дарын жұлдыздары» оқыту-сауықтыру лагерінде өткізілді.

Шараның мақсаты – құндылық бағдарларды қалыптастыру арқылы балалар мен жасөспірімдерге рухани-адамгершілік білім беру, олардың шығармашылық әлеуетін дамыту, тұлғалық қасиеттерін, азаматтық ұстанымын көрсету өзін-өзі тануға ұмтылысын қолдау.

«Өзін- өзі тану» пәні бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне Курчатов қаласынан, Абай, Ұлан, Үржар, Күршім, Бородулиха, Шемонаиха, Жарма, Катонқарағай аудандарынан және Жамбыл атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатынан, облыстық арнайы мектеп-лицей-интернатынан, облыстық мамандандырылған математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мектеп-лицейден, Ш. Уәлиханов атындағы дарынды балаларға арналған «Жас Ұлан» облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатынан, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған№34 мектеп-лицейінен, Өскемен қаласының қазақ-түрік лицейінен 87 оқушы қатысты.  

Олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша 32 оқушы жүлдегер атанды. І дәрежелі дипломдармен – 7 оқушы, ІІ дәрежелі – 10 және ІІІ дәрежелі – 15 оқушы марапатталды.

Жүлделі орындарының саны бойынша аудандар мен қалалардың, облыстық мектептердің арасынан үздік командалар анықталды. Жалпыкомандалық есепте І дәрежелі диплом Жамбыл атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының оқушылар командасына, ІІ дәрежелі диплом Курчатов қаласының командасына, ІІІ дәрежелі диплом Күршім ауданының командасына берілді. 

2014 жылдың 11-13 қарашасында Алматы қаласында «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығында өткізілетін республикалық кезеңге қатысатын оқушылар тізімі:

1.Күршім ауданы, №4 орта мектептің 7-сынып оқушысы Орынбаева Мадина;

2.Жамбыл атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының 7-сынып оқушысы -  Мақбозұлы Қалымжан;

3.Облыстық мамандандырылған математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мектеп-лицейдің 8-сынып оқушысыШульгина Александра;

4.Үржар ауданы Қоңыр атындағы орта мектептің 8-сынып оқушысы - Абраева Ақбота;

5.Абай ауданы, Ш. Әбенов атындағы орта мектептің 9-сынып оқушысы - Мыңбаева Ұлпан;

6.Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған №34 мектеп-лицейдің 9-сынып оқушысы - Абылқанова Айдана;

7.Жамбыл атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының 9-сынып оқушысы - Советханов Нурболат.

Барлық қатысушыларға сертификаттар, жүлдегерлерге дипломдар мен сыйға кітаптар берілді.

Олимпиаданың аясында қатысушылар үшін қызықты мәдени – көңіл-көтеру бағдарламасы,  команда жетекшілеріне шеберлік сабағы өткізілді.