+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
АЛҒЫС ХАТ
09 Қаз, 03:37

Біз, Шаймұратов Жәнібектің ата-анасы «Дарын» Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық орталығы мен Шемонаиха қаласындағы №5 орта мектептің ұжымына алғысымызды білдірсек дейміз.

Баламызға табиғат берген ерекше сыйды дамыта біліп, білімін, өмірге деген құштарлығын бағалай білгендеріңізге үлкен рахмет!

Жәнібек «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында білімін сынап, демалып, үлкен талпыныспен, ризашылықпен, өте жақсы көңіл-күймен оралды.

Демалысты ұйымдастыруда ата-аналарға көмегін аямаған, барлығын уақытында түсіндіріп, қолдау көрсеткен мектеп ұжымына және Гүлнұр Жамбылқызына ерекше ризашылығымызды білідргіміз келеді!

Барлық бастамалар мен мақсаттарыңыздың сәтті орындалуына және тұрақтанып, гүлдене берулеріне шын ниетпен тілектеспіз!

Сіздерге зор денсаулық, бақыт, табыс және жетістік тілейміз!

Шемонаиха ауданындағы №5 орта мектептің 9 сынып оқушысы Шаймұратов Жәнібектің ата-анасы Мұқажанов Сәбит пен Қалиева Жанар