2014 жылдың 07 қазанында білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы «Дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру» тақырыбында облыстық оқыту семинарын өткізді.
Семинардың мақсаты – дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыруда мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету.
Міндеттері:
1.Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен аудандарында дарынды оқушыларды анықтау мен дамытуға жағдай жасау бойынша 2013-2014 оқу жылына қорытынды жасау.
2.Облыста дарынды балалармен жұмыс бағыты бойынша алдыңғы қатарлы педагогикалық іс-тәжірибелерді оқып танысу, жалпылау және тарату.
3. Шығыс Қазақстан облысында дарынды балалармен жұмысты жетілдіру.
4. Дарынды балалармен жұмыс жасайтын мұғалімдерге әлеуметтік қолдау, көрсету.
Семинарға дарынды оқушыларды анықтау мен дамыту жұмысын үйлестіруші қалалық (аудандық) білім бөлімдерінің әдіскерлері, облыстағы жалпы білім беретін мектептердің мектеп директорларының орынбасарлары мен шығармашылықпен жұмыс атқаратын ұстаздар қатысты.
Облыстық семинар пікір алмасу түрінде өтті.
Жалпы алғанда:
1. 2013-2014 оқу жылына қалалық (аудандық) білім бөлімдерінің, мамандандырылған мектептердің дарынды оқушыларды анықтау мен дамыту бойынша атқарылған жұмыстарына есеп берілді.
2. Оқушылардың зияткерлік, шығармашылық олимпиадалар, байқаулар мен жарыстарға қатысқан нәтижелеріне мониторинг жасай отырып, дарынды балалармен жұмысты ұйымдастырудағы қалалар мен аудандардың рейтингісі айтылды. Жұмыс барысында жіберілген олқылықтарға ұсыныстар берілді.
3. Үздік білім бөлімдерінің (Семей қаласы, Аягөз ауданы), сонымен бірге, облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектепте дарындылықты анықтау мен жетілдіруге байланысты жаңа білімдік жоба – ITмектептің ашылу іс-тәжірибелері сараланды.
4. 2013-2014 оқу жылы дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыруда үздік нәтижелерге жеткен ең үздік үйлестірушілер, білім бөлімдері мен мекемелері марапатталды.
5. Шағын конференция барысында дарындылықты анықтау мен жетілдірудегі өзекті мәселелер мен сұрақтар анықталып, жауап берілді.
6. ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы мен қалалық (аудандық) білім бөлімдері, облыстық мамандандырылған мектептердің болашақтағы бірлескен жұмысының негізгі бағыттары анықталды.
Облыстық семинарға қатысушылар қазіргі кезеңде дарындылықты анықтау мен жетілдіруде қолданылып жүрген әдіс-тәсілдердің өрісі кеңейгендігін басып айтты. Бірлескен жүйелі әрекеттің маңызды белсенді сатысы болып қалалық (аудандық) білім бөлімдерінің осы бағыттағы қарқынды жұмысы, жаңа жобалар жасау мен жүзеге асыру, жұмыс барысында дарынды балаларды анықтау мен жетілдіруде жұмыс тиімділігі мен білім сапасын арттыруда жаңа әдіс-тәсілдерді қолдануға басты назар аудару керектігі айтылды.
Семинар қорытындысы бойынша, Шығыс Қазақстан облысындағы дарынды балалармен жұмысты ұйымдастырудың тиімді жолдары мен ұсыныстары талқыланып, резолюция қабылданды.
Семинарға қатысушылардың пайымдауынша, дарынды оқушылармен жұмыс жүйесін жетілдіре отырып, олардың шыңдалуына кешенді және жүйелі жұмыстар атқара отырып жағдай туғызуымыз шарт.