+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
ШҚО жас роботмanдары техника ғажайыптарын көрсетті
29 Қыр, 09:05

2014 жылдың 26-28 қыркүйегі аралығында Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде еліміздің әр аймағынан 200-ге жуық оқушы қатысқан бірінші республикалық робототехника олимпиадасы болып өтті.

Олимпиаданың мақсаты – жалпы білім беретін мекемелердің оқушылары арасында техникалық модельдеуді дәріптеу, оқушылардың робот моделін құрауда дағдыларын қалыптастыру, логикалық ойлау мен зияткерлік қабілеттерін қалыптастыру.

Олимпиада Бүкіләлемдік WRO (World Robot Olympiad) робототехника олимпиадасының ережесіне сәйкес өтті. Ол 4 бөлімнен тұрды: «Еркін бөлім», «Негізгі бөлім», «Шығармашылық бөлім», «Роботтар футболы»

Шығыс Қазақстан облысының командасының намысын Өскемен қаласындағы облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептің 6 сынып оқушысы Иван Ильиных пен Өскемен қаласының Қазақстан-Ресей гимназиясының 6 сынып оқушысы Никита Ким қорғады. Оқушылар ең қиын «Ракета» категориясына қатысты.

Ғылыми кеңесшілік пен олимпиадаға дайындықты Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталағы Өскемен қаласының жас техниктер станциясымен бірлесе отырып ұйымдастырды.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының командасы 2 командалық орынды иеленді.

Оқушыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз!