+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Президенттік олимпиаданың өткізілуі туралы
25 Қыр, 04:32

Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы жыл сайын 11 сынып оқушылары үшін Президенттік олимпиада (әрі қарай - Олимпиада)  өткізілетінін хабарлайды.

Олимпиада үш кезеңде өткізіледі:

          -  бірінші кезең - өңірлік - 1 қарашаға дейін;

      - екінші кезең - іріктеу, 15 қарашаға дейін 2 турда өткізіледі  (қашықтық және шығармашылық: эссе жазу);

- үшінші кезең - республикалық, желтоқсанның бірінші онкүндігінде.

Президенттік олимпиаданың әр қатысушысы барлық кезеңде математика, физика, химия, биология пәндерінен тапсырмалар орындайды.

Өңірлік кезеңге қатысу үшін төрт пән бойынша (бір уақытта) қатысушыларды сапалы іріктеу қажет.

Осыған орай, қалалық (аудандық) білім беру бөлімдері, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептер өңірлік кезеңге қатысатын  4 оқушыны (оқу тіліне қарамастан) анықтап, 2014 жылдың 10 қазанына дейін ШҚ ӨҒП "Дарын" орталығына 8/7232/55-20-12 тел/факс, е-mail (vk_daryn@mail.ru) арқылы өтінім жіберу қажет.

Өтінім үлгісі:

Оқушының аты, жөні, тегі

(құжат бойынша)

Оқу тілі

Аудан/қала

Мектеп, мекен жайы

Жетістігі

Қатысушыны дайында

ған мұғалімі

Олимпиаданың өту мерзімдері туралы ақпарат қосымша хабарланады.