1. Жалпы ереже
1. Осы инновациялық-педагогикалық идеялар фестивалі (бұдан әрі - Фестиваль) өткізу Ережесі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2012 - 2020 жылдардағы білім беруді дамыту Мемлекеттік бағдарламасына, жаңа қоғам педагогінің үздіксіз білім тұжырымдамасына сәйкес әзірленген.
2. Облыстық Фестивальді 2 жылда 1 рет Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы (бұдан әрі – «Дарын» ШҚ ӨҒПО) өткізеді.
3. Фестивальдің негізгі мақсаты Қазақстанның заманауи мектептері мұғалімдері мен басшыларының инновациялық тәжірибелерін тарату және ғылыми-әдістемемен қамтамасыз ету.
4. Фестивальдің негізгі міндеттері:
1) жалпы орта білім беруді жетілдіру жүйесіндегі маңызды мәселелерді талқылау үшін пікірсайыстық алаң құру және тәжірибе алмасу;
2) жас мұғалімдерге психологиялық-педагогикалық көмек көрсету;
3)жаңашыл мұғалімдердің құрылымдық – мазмұндық үлгілерін дайындау.
2. Фестивалдің қатысушылары
5. Фестивальға мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру ұйымдарының ұжымдары, қосымша білім беру мекемелерінің педагогикалық қызметкерлері, қалалық (аудандық) білім бөлімдерінің әдіскерлері қатыса алады.
6. Фестивальға қатысушының 3 жылдан кем емес инновациялық қызметпен айналысқан еңбек өтілі болуы керек.
3. Конкурстың жұмысшы органдары
7. Фестивальдің басшылық құрамын ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады.
8.Ұйымдастыру комитеті келесі қызметтерді жүзеге асырады:
1) Фестивальдің облыстық кезеңінің өткізілуі туралы ақпаратты мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру ұйымдарының ұжымдары, қосымша білім беру мекемелерінің педагогикалық қызметкерлері, қалалық (аудандық) білім бөлімдерінің әдіскерлеріне жеткізеді;
2) Фестиваль жұмысының өткізу тәртібін, түрін, орнын және уақытын анықтайды, қатысушылардың тізімін, қазылар алқасының құрамын және оның жұмыс регламентін бекітеді.
9. Қазылар алқасы Фестивальға ұсынылған инновациялық-педагогикалық идеяларға сараптама жасап, бағалайды, Фестивальдің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін, әртүрлі номинациялар бойынша марапаттауға үміткерлерді анықтап, ұйымдастыру комитетіне ұсынады.
4. Конкурстың өткізілу тәртібі және құжаттарды ресімдеу
10. Конкурс үш кезеңнен тұрады:
1) бірінші кезең – аудандық қалалық ;
2) екінші кезең – облыстық (қараша);
3) үшінші кезең – республикалық.
11. Фестиваль келесі бағыттар бойынша өткізіледі:
- «Білім берудегі менеджмент жүйесі...» (жалпы орта білім беру ұйымдарының басшылары);
- «Әр түрлі сабақ, бірақ әрқайсысында шебердің өз қолы..» (пән мұғалімдері);
- «Сабақтан соң…» (сынып жетекшілері, тәрбиешілер, әлеуметтік педагогтар және психологтар);
- «Шеберліктің шыңына...»(педагог-инноваторлар);
- «Қосымша білім беру педагогы» (осы саланың педагог қызметкерлері).
12. Жұмысты қорғау түрі: білім берудегі менеджменттің презентациясы, сабақтар, сабақтан тыс шаралар, инновациялық идеялар және еркін түрде (мастер-класс, стендтік баяндама, портфолио және т.б.)
13. Жобада міндетті түрде құрылымы, мазмұны, формасы, тәсілі және технологиялық оқытуы, дарынды балаларды тәрбиелеуі және дамытуы болуы керек. Қорғау регламенті - 7-10 минут.
14. Жобаны ресімдеу тәртібі:
- жобаның көлемі шектеусіз;
- А - 4 форматтық бетте, 14 - шрифпен;
- титул парағына автордың аты, тегі, әкесінің аты, жобаның атауы, беретін пәні, бағыты, лауазымы, білім беру ұйымының атауы мен мекен-жайы, телефоны, автордың электрондық поштасы жазылуы керек.
15. Фестивальға жіберілген материалдар қайтарылмайды.
5. Жобаны бағалаудың негізгі критериилері
16. Фестиваль төмендегідей негізгі критериилермен бағаланады:
- инновациялық жобаның өзектілігі;
- мазмұнының жаңашылдығы, ұсынылған жобаның танымдық құндылығы;
- жүйелілігі (үдерістің логикасы, оның барлық бөлімдерінің өзара байланыстылығы, біртұтастығы);
- жобаға инновациялық түрдің берілуі;
- тәрбиелік және даму аспектілері;
- тиімділігі (білім мекемелерде идеялардыды қолдану мүмкіндігі)
- ресімдеу бойынша талаптарға сәйкестігі.
6. Жеңімпаздарды марапаттау
17. Фестивльдің барлық қатысушыларына ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығының сертификаттары және жеңімпаздарға ШҚО білім басқармасының грамоталары беріледі. Жүлделі орын алған қатысушылар Фестивальдің республикалық кезеңінің іріктеу турына ұсынылады.
7. Фестивальді қаржыландыру
18. Фестивальді ұйымдастыру және өткізуге байланысты шығындар бекітілген шығындар сметасына сәйкес қаржыландырылады.
19. Фестивальға қатысушылардың іссапар шығындары (жол жүру, тұратын жері, тамақтануы) жіберуші білім мекемелерінің есебінен өтеледі.