+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсының облыстық кезеңін өткізу ережесі
27 Там, 09:36

1. Жалпы ереже

Облыстық конкурсты жыл сайын Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы (бұдан әрі – ШҚ ӨҒПО «Дарын») өткізеді.

Конкурстың негізгі мақсаты дарынды балаларға білім берудің жаңа педагогикалық мазмұнын, технологияларын және жаңаша ұйымдастыру түрлерін әзірлеу жұмысына мұғалімдерді тарту болып табылады.

Конкурстың негізгі міндеттері:

1) шығармашыл зерттеуші-педагогтерді анықтау және қолдау, сондай-ақ олардың әзірлемелерін енгізуге ықпал ету;

2) ең үздік педагогикалық тәжірибені тарату;

3) педагогикалық идеялармен, жобалармен, шығармашылық нәтижелерімен алмасу.

2. Конкурсты ұйымдастыру қызметтері

Конкурсқа Шығыс Қазақстан облысының дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің педагогикалық қызметкерлері қатыса алады.

Қатысушылардың педагогикалық еңбек өтілі мен жастарына шектеу қойылмайды.

3. Конкурстың жұмысшы органдары

Конкурсқа басшылық құрамын ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады.

Ұйымдастыру комитеті мынадай қызметтерді жүзеге асырады:

1) Облыстық кезеңнің Конкурсының өткізілуі туралы ақпаратты облыстық мамандандырылған мектептерге жеткізеді;

2) Конкурсты, жұмыс өткізу тәртібін, түрін, орнын және уақытын анықтайды, қатысушылардың тізімін, қазылар алқасының құрамын және оның жұмыс регламентін бекітеді.

Қазылар алқасы Конкурсқа ұсынылған авторлық бағдарламаларға сараптама жасап, бағалап, Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін, ұйымдастыру комитетіне ұсынады.

4.    Конкурсты өткізілу тәртібі және құжаттарды рәсімдеу

Конкурс төрт кезеңнен тұрады:

1) бірінші кезең – мектепішілік (сәуір - мамыр).

2) екінші кезең – облыстық (қыркүйек) - «Дарын» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы өткізеді.

3) үшінші кезең – республикалық кезеңнің іріктеу туры (қыркүйек айының екінші онкүндігі) - «Дарын» РҒПО өткізеді;

4) төртініші кезең – республикалық (қазан) - «Дарын» РҒПО өткізеді.

Авторлық бағдарламаның құрамына мынадай құрылымдық элементтер енгізілуі тиіс:

- титул парағы, түсіндірме жазба, оқу-тақырыптық жоспар, авторлық бағдарламаның мазмұны, авторлық бағдарламаны әдістемелік қамтамасыз ету.

Титул парағына:

1) дарынды балаларға арналған білім беру ұйымдарының атауы мен мекен-жайы;

2) авторлық бағдарлама авторының (авторларының) аты-жөні, лауазымы;

3) авторлық бағдарламаның атауы;

4) авторлық бағдарламаның әзірленген жылы;

5) авторлық бағдарламаны кім, қайда және қашан бекіткені жазылады;

Түсіндірме жазба:

1) бағытын;

2) жаңалығын, өзектілігін, педагогикалық мақсатқа лайықтылығын;

3) мақсаттары мен міндеттерін;

4) ерекшелігін;

5) күтілетін нәтижелерді және оларды тексеру әдістерін;

6) бағдарламаның іске асырылуын  қорытындылау нысандарын (көрмелер, фестивальдар, жарыстар, оқу-зерттеу конференциялары және т.б.) ашады.

Авторлық бағдарламаның оқу-тақырыптық жоспарына:

1) тақырыптар, бөлімдер тізбесі;

2) әр тақырыпқа арналған теориялық және практикалық сабақтардың сағат саны енгізіледі.

Авторлық бағдарламаның мазмұны тақырыптардың қысқаша сипаттамасы арқылы ашылады (теория және тәжірибе).

Авторлық бағдарламаның әдістемелік қамтамасыз етілуіне қажеттілер:

- сипаттама;

- әр тақырып немесе бөлім бойынша жоспарланған сабақ түрлері (ойын, әңгіме, саяхат, конкурс, конференция және т.б.);

- оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың әдістері және түрлері дидактикалық материалдары, сабақтың техникалық жабдықталуы;

- әр тақырыптың немесе бөлімнің нәтижесін жинақтау түрі кіреді.

Бағалау критерилері:

1) Түсіндірме жазбаның толықтылығы (20 ұпай):

- жаңалығы, өзектілігі, педагогикалық мақсатқа лайықтылығы;

- мақсаттары мен міндеттерінің нақтылығы;

- авторлық бағдарламаның айырмашылық ерекшелігі;

- күтілетін нәтиже, бағдарламалар қорытындысын жинақтау түрлерінің жүзеге асырылуы.

2) Оқу-тақырыптық жоспар (10 ұпай):

- тақырыптың бөлімдер тізбесі;

- әр тақырыпқа арналған теориялық және практикалық сағаттар саны.

3) Авторлық бағдарламаның мазмұнының ашылуы (теория және тәжірибе) (20 ұпай)

4) Әдістемелік қамтамасыз етілуі (15 ұпай):

- әр тақырыпқа немесе бөлімдерге жоспарланған оқыту түрлері, сабақтың түрлерінің сипаттамасы;

- оқу-тәрбие барысын ұйымдастырудағы әдістері мен тәсілдері;

- тақырып немесе бөлім бойынша нәтижесін жинақтау түрі.

5) Авторлық бағдарламаның нәтижелілігінің енгізілуі (10 ұпай).

6) Тұжырымдардың бар болуы (5 ұпай).

Құжат МS Word Times New Roman мәтіндік редакторда терілуі қажет (жол арасының интервалы жалаң, әріптер мөлшері – 14,  жиектері –          25 мм).

Белгіленген уақыттан кейін жіберілген құжаттар тіркеуге жатпайды.

Конкурсқа қатысу үшін өтініш ұйымдастыру комитетіне төмендегідей үлгіде жіберіледі:

Қатысушының аты-жөні

Жұмыс орны

Лауазымы

Еңбек өтілі, санаты

Пән

Оқыту тілі

Авторлық бағдарламаның атауы

 

 

 

 

 

 

 

Конкурсқа ұсынылған қағаз материалдар ішіне файлдар салынатын папкада және электрондық тасымалдағыштарда берілуі керек.

Құжаттарды «Дарын» ШҚ ӨҒПО-ның мекен-жайына жіберу қажет: Өскемен қаласы, Ворошилов көшесі, 79. Байланыс телефондары: 8 (7232) 50-20-12. e-mail: vk_daryn@mail.ru.

Конкурсқа жіберілген материалдар қайтарылмайды.

5.    Жеңімпаздарды марапаттау

Конкурстың барлық қатысушыларына ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығының сертификаттары және жеңімпаздарға ШҚО білім басқармасының грамоталары беріледі.

6.    Конкурсты қаржыландыру

Конкурсты ұйымдастыру және өткізуге байланысты шығыстар бекітілген шығыстар сметасына сәйкес қаржыландырылады.

Конкурсқа қатысушылардың іссапар шығындары (бару-келу жолы, тамақтануы және тұруы) жіберуші білім мекемесінің есебінен төленеді.