Жалпы ережелер
1. Ережелер ШҚО білім беру мекемелерінің 2-10 сынып оқушыларына арналған облыстық «Тұлпар» интеллектуалды конкурсының (ары қарай - конкурс) мақсатын, міндетін, өткізілу тәртібін айқындайды.
2. Конкурстың негізгі мақсаттары мен міндеттері:
- ШҚО дарынды балаларды анықтау, қолдау;
- оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеттерін арттыру;
- мектеп оқушылары арасында интеллектуалды ойындар мен конкурстар, жарыстар, олимпиадаларды түсіндіріп тарату;
- табысқа жетуді уәждеу;
- оқушылардың ҰБТ және ғылыми жарыстарға дайындау негізінде тестке дайындау.
3. Конкурстың ұйымдастырушысы Шығыс Қазақстан - өңірлік ғылыми – практикалық «Дарын» орталығы.
4. Конкурсқа қатысу ерікті, ақылы.
5. Конкурс келесі пәндер бойынша жүргізіледі: 2-4 сынып оқушылары үшін «Дүниетану», 5-10 сынып оқушылары үшін «Қазақстан тарихы».
6. Әр сыныпқа арналған тапсырмалар блогы 30 тестік тапсырмалардан тұрады.
Конкурстың жұмысшы органдары
7. Конкурсқа дайындық пен өткізудің ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асыру мен үйлестіру үшін ұйымдастыру комитеті құрылады.
8. Ұйымдастыру комитетінің құрамына ШҚ ӨҒПО «Дарын» қызметкерлері, жаңашыл оқытушылар, ЖОО ғылымдары, шығармашылық жұмыстармен айналысатын оқытушылар кіреді:
- конкурстың жалпы өткізілу тәртібін анықтайды;
- тікелей басшылық жасайды;
- тапсырмалар мазмұнын әзірлейді;
- жұмыстарды бағалаудың критерилерін анықтайды,
- конкурс өткізілгенге дейінгі тапсырмалардың құпиялылығына жауап береді;
- жеңімпаздарды анықтайды;
- нәтижесін талдап, қорытынды жасайды.
9. Конкурсты ұйымдастыру үшін өткізілетін орындарда үйлестірушілер тағайындалады. Үйлестірушілер әдіскерлер, тәжірибелі мұғалімдер және білім бөлімдерінің өкілдері болуы мүмкін.
Үйлестірушінің міндеті:
- конкурсты ұйымдастыру;
- конкурсқа қатысуға тапсырысты уақытылы құру;
- үйлестірушілерге арналған нұсқаулықтағы нұсқауларды мүлтіксіз орындау.
Конкурсқа қатысушылар
10. Облыстық конкурсқа ШҚО білім беру мекемелерінің 2-10 сынып оқушылары қатыса алады.
Конкурсты өткізу тәртібі
11. Конкурсқа қатысуға тапсырыстар белгіленген мерзімге 5 күн қалғанға дейін қабылданады.
12. Тапсырмалар блогын орындауға 90 минут уақыт бөлінеді.
13.Тапсырмалар салынған пакет үйлестіруші мен қатысушылардың көзінше белгіленген уақытта ашылады.
14. Бөлінген уақыт аяқталысымен үйлестіруші жауап бланкілерін жинап, конвертке салып желімдеп, ұйымдастыру комитетіне жібереді.
15. Ұйымдастыру комитеті бланктерді тексеріп, әр қатысушының деңгейін.
16. Конкурс аяқталған соң ұйымдастыру комитеті жеңімпаздарды анықтайды.
Жеңімпаздарды марапаттау
17. Конкурстың жүлдегерлері дипломмен марапатталады, ал жеңімпаздар - республикалық оқу-сауықтыру «Балдәурен» орталығына жолдама алады.
Конкурсты қаржыландыру
18. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу, тапсырмаларды, жауап бланктерін дайындау және көбейту, грамоталарды әзірлеу, көлік, пошта шығындары, жолдамалармен марапаттау ұйымдастырушылар мен демеушілердің есебінен жүзеге асырылады.