+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Робототехника бойынша республикалық байқауды өткізудің облыстық кезеңінің ережесі
21 Ақп, 04:02

1.Жалпы ережелер

Аталған ереже робототехника бойынша республикалық байқаудың    (ары қарай - байқау) облыстық кезеңінің мақсаты мен міндеттерін, өткізу ережелері мен шарттарын белгілейді.     

Облыстық байқаудың ұйымдастырушысы білім басқармасы және  Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми- практикалық «Дарын» орталығы (ары қарай - ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы).

Байқауды өткізудің негізгі мақсаты мен міндеттері келесідей:

- Жалпы білім беретін мекемелердің оқушылары арасында техникалық модельдеуді насихаттау;

- оқушылардың робот моделін құрауда дағдыларының қалыптасуы;

- оқушылардың логикалық ойлауының қалыптасуы;

- оқушылардың интеллектуалдық қабілеттерін дамыту;

- оқушылардың және педагогтардың шығармашылық жетістіктерін насихаттау;

- балалардың  адамгершілік тәрбиесі мен эстетикалық түрлерін жетілдіру;

- оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту және сақтау.

2.Байқауды ұйымдастыру комитеті

Байқауды өткізу үшін ұйымдастыру комитеті құрылады (ары қарай- Ұйымдастыру комитеті).

Ұйымдастыру комитеті:

- байқаудың дайындалуы мен өткізілуін тікелей басшылық жүзеге асырады;

- қазылар алқасының құрамын қалыптастырып бекітеді;

- байқауға қатысуға өтініштер мен қажетті жұмыстарды қабылдайды;

- байқауды өткізу формасын айқындайды;

-.байқауға талдау жасап, қорытындылайды, жеңімпаздарды марапаттайды.

3.Байқауға қатысушылар

Байқау Шығыс Қазақстан облысының жалпы білім беру оқушылары үшін келесі жас-ерекшеліктеріне қарай өткізіледі:

- 5-6 жас;

- 11-15 жас;

- 16-18 жас.

4.Байқауды өткізу шарттары

Байқау 3 кезеңде өткізіледі:

Iкезең– қалалық(аудандық) –  2014 жылдың ақпан айының бірінші жартысы;

II– кезең– облыстық–2014 жылдың 28 ақпаны.

Байқауға қатысатын жобалар мен зерттемелер келесі бағыттарда қабылданады:

1..Роботтардың конструкторы(тек 5-6 жас аралығы үшін).

2..Мобильды роботтар.

3..Манипулятор және өндірістік  - роботтар.

4..Ұшқышсыз ұшатын аппараттар.

5..Су асты роботтары.

6..Белгілі бағыттағы роботтар.

7..Тұрмыстық роботтар.

8..Микророботтар.

9..Роботтармен интеллектуалды және қашықтықтан басқару жүйелері.

         10..Роботтардың электронды құрылғысы.

11..Роботтардың программалық бағдарламасы.

Байқауға ұсынылған робот моделінің келесідей жазбаша мазмұны болуы керек:

- өзектілігі;

- ғылыми жаңашылдығы;

- іс-тәжірибелік құндылығы;

- роботтың мүмкіншілігі мен ерекшелігі.

Байқаудың облыстық кезеңіне  әр қаладан (ауданнан), сонымен қатардарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерден 3 ең жақсы жұмыс қабылданады ( әр жас категориясынан 1 жұмыс).

Байқау жұмыстарын бағалау критериилері:

- бірегейлігі және шығармашылық тұрғыдан келуі(10 ұпай);

- конструкцияның техникалық күрделілігі(10 ұпай);

- қозғалмалығы мен қызметі(10 ұпай);

- сипаттамасының  сапасы  – нақтылығы (10 ұпай);

- жұмысты эстетикалық безендірілуі(10 ұпай);

- презентацияның деңгейі (10ұпай).

Байқаудың жұмыстары сұраныспен, қалалық (аудандық) білім басқармасының басшысының қолымен, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп директорларының қолымен  расталған байқаудың қалалық (аудандық) кезеңінің хаттамасымен болуы тиіс.

Сұраныс формасы:

Оқушының

аты-жөні

Қала

(аудан)

Мектеп,

жас ерекшелігі

Бағыты

Байқау моделінің атауы

 

 

 

 

 

Роботтар мен қажетті құжаттар байқаудың ұйымдастыру комитетіне 2014 жылдың 25 ақпанына дейін: Өскемен қаласы, Ворошилов көшесі, 79 (ШҚ ӨҒПО «Дарын») мекенжайы бойынша қабылданады.

Байқаудың қорытындысы ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығының сайтында жарияланады (www.shygysdaryny.kz.).

5. Байқаудың қорытындысын шығару. Жеңімпаздарды марапаттау.

Байқаудың қатысушыларына жүлделі орын әр жас ерекшеліктері бойынша беріледі.

Оқушылар – байқау жеңімпаздары білім басқармасының дипломдарымен мараппаталады, ал олардың мұғалімдері (немесе ғылыми жетекшісі) – Шығыс Қазақстан білім басқармасының мадақтамасымен марапатталады.