+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының арасында «Жарқын болашақ» VІ республикалық KATEV қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңін өткізу
30 Жел, 10:09

I. Жалпы ережелер

1. Осы ережелер Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының арасында өтетін «Жарқын болашақ» VІ республикалық KATEV қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңінің (бұдан әрі «Жарқын болашақ» олимпиадасы) мақсаттары мен міндеттерін, ұйымдастыру және өткізу тәртібін белгілейді.

2. Олимпиаданың ұйымдастырушылары: «KATEV» Халықаралық қоғамдық қоры (бұдан әрі – «KATEV» ХҚҚ), Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы (бұдан  әрі – ШҚО ББ), Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы (бұдан  әрі – ШҚ ӨҒПО «Дарын»), Өскемен мен Семей қалаларындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ – түрік лицейлері (бұдан әрі – ДБА ШҚО МҚТЛ), «Нұрорда» халықаралық мектебі (бұдан  әрі – «Нұрорда» ХМ).

3. Олимпиада жыл сайын өткізіледі.

II. «Жарқын болашақ» олимпиадасының мақсаттары мен міндеттері:

1. «Жарқын болашақ» олимпиадасының мақсаты:

- мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту;

- қазақ халқының мәдени, әдеби және рухани қазыналарын кеңінен насихаттау;

- оқушылардың шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін, мәдени дүниетанымын дамыту.

2.«Жарқын болашақ» олимпиадасының негізгі міндеттері:

-  оқушылардың қазақ халқының тіліне, әдебиетіне, салт-дәстүрлеріне, тарихына және мәдениетіне деген қызығушылығын арттыру және оларды үйреніп білуге ынталандыру;

-  тұлғаның өз-өзін дамытуына және өзіндік қабілеттерін жетілдіруіне жағдай жасау;

III. «Жарқын болашақ» олимпиадасын ұйымдастыру және өткізу тәртібі

3. «Жарқын болашақ» олимпиадасына оқыту тіліне қарамастан, мемлекеттік және мемлекеттік емес жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің, гимназиялардың 7–11 сынып оқушылары қатыса алады.

4. «Жарқын болашақ» олимпиадасы 5 конкурсты қамтиды: қазақ тіл білімі мен әдебиеті, ғылыми жоба, жазбаша шығармашылық жұмыс, мәнерлеп оқу, ән айту.(5 конкурстың атауы мен ережелері №3 қосымшада берілген).

5. «Жарқын болашақ» олимпиадасы төрт кезеңнен тұрады:  

1 кезең – қалалық, аудандық кезең. 2013 жылдың қараша – қаңтар  айларында (Өскемен қаласы бойынша  қалалық кезеңі 18 қаңтарда, Семей қаласы бойынша қалалық кезеңі 28-29 қарашада) өтеді;

2 кезең – облыстық кезең. 8 ақпанда Семей, Өскемен қалаларында болады;

3 кезең – республикалық кезең (финал). 2014 жылы 3-5 сәуірде Астана қаласында өтеді.

6.1. «Жарқын болашақ» олимпиадасының бірінші кезеңінеқатысушылар жайлы тапсырыс (белгіленген мерзімге қарай) ұйымдастырушы орындарға төменде көрсетілген үлгі бойынша өткізіледі:

1.Өскемен қаласы бойынша тапсырысты «Нұрорда» халықаралық мектебіне немесе қалалық білім беру бөліміне;

2. Семей қаласы бойынша тапсырысты Семей қазақ-түрік лицейі қабылдайды.

3. Аудан мектептері тапсырыстарын жергілікті аудандық білім беру бөліміне немесе аудандық білім беру бөліміндегі ұйымдастыру комитеттеріне өткізеді (сол тапсырыс бойынша қалалық, аудандық кезеңдер өткізіледі);

6.2. «Жарқын болашақ» олимпиадасының бірінші кезеңіне жауапты орындар мен тұлғалар сол кезеңнің қорытындысы бойынша қаңтардың 31-іне дейін облыстық ұйымдастыру комитетіне жібереді (қалалық, аудандық жеңімпаздар жайлы мәліметті Өскемен, Семей қазақ - түрік лицейлерінің немесе ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығының электронды поштасына жіберу қажет);

6.3. Көрсетілген мерзімде екінші кезең өткізіліп, облыстық сайыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері туралы мәліметті Өскемен, Семей қазақ - түрік лицейлерінің ұйымдастыру комитеті наурыздың 15-не дейін республикалық ұйымдастыру комитетіне жібереді (№4 қосымшадағы үлгі бойынша). Республикалық кезеңге облыстық кезеңде бірінші орын алған оқушылар ғана қатыса алады.   

Әрбір ауданнан (қаладан) облысқа, облыстан республикалық кезеңге ұсынылатын оқушы саны төмендегідей:

Конкурс атауы

Тобы

Оқушы саны

Барлығы

«Тілші әдебиетшілер»

қазақ және                өзге ұлт

әр топтан                1 оқушы

2 оқушы

«Жас жазушылар»

қазақ және өзге ұлт

әр топтан           1 оқушы

2 оқушы

«Сөз шеберлері»

қазақ және өзге ұлт

әр топтан          1 оқушы

2 оқушы

«Сөз шеберлері»

қазақ және өзге ұлт

әр топтан            1 оқушы

2 оқушы

«Әнші бұлбұлдар»

қазақ және өзге ұлт

әр топтан           1 оқушы

2 оқушы

7. Бір команда 5 конкурстың барлығына немесе бірнешеуіне қатыса алады. Облыстық және республикалық кезеңге ұсынылатын оқушы саны 10 оқушыдан аспау керек және республикалық кезеңге баратын оқушыларды финал өтетін қалаға апарып әкелуге әр облыстан 1 немесе 2 топ жетекшісі тағайындалады. Іс-сапар шығыны жіберуші білім мекемелерінің есебінен төленеді.

8..«Жарқын болашақ» олимпиадасының «Тілші-әдебиетшілер» конкурсының 1, 2-кезеңдерінің тапсырмаларын жергілікті ұйымдастыру комитеті, ал 4-кезеңнің тапсырмаларын «KATEV» ХҚҚ қазақ тілі бірлестігі дайындайды.

9..Өткен жылдардағы «Жарқын болашақ» олимпиадасының республикалық кезеңінің жеңімпаздары қатыса алмайды.

ІV. Ұйымдастыру комитеті және қазылар алқасы

10. Олимпиаданы өткізу үшін ұйымдастыру комитеті құрылады, оның құрамын ШҚ ӨҒП «Дарын»орталығы, Өскемен және Семей қалаларындағы ШҚО дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ – түрік лицейлері бекітеді.

11. Ұйымдастыру комитеттерінің мекен-жайы:

ШҚ ӨҒПО «Дарын», Қабанбай батыр көшесі 74-үй, тел: 8(7232) 700-609; факс 55-21-12, e-mail: vk_darun@mail.ru

Өскемен қаласы, қазақ-түрік лицейі, Лихарев көшесі  5-үй, тел: 8(7232) 251010; факс 25-29-62, e-mail: vko.ktl5@gmail.com

«Нұрорда» халықаралық мектебі, Өтепов көшесі 22/1, телефон-факс:           8-(7232) 60-23-45, е-mail: oskemen@nurorda.kz

Семей қазақ-түрік лицейі, Ш. Уалиханов көшесі, 206-үй, Тел:8 (7222) 77-15-76, e-mail: Semeyktl@gmail.com

V. «Жарқын болашақ» олимпиадасының қазылар алқасы:

12. «Жарқын болашақ» олимпиадасының әрбір конкурсының қазылар алқасы: төраға, 2 мүше және хатшыдан тұрады;

13. Қазылар алқасының міндеттері:

-           қатысушылардың жұмысын тексереді, олардың нәтижесін шығарады;

-    қатысушылардың білімі мен өнерін бағалаудағы даулы мәселелерді талқылайды және қажетті түзетулер енгізеді;

-           жеңімпаздарды анықтайды және жүлделі орындарды бөледі;

-           жеңімпаз оқушылардың мұғалімдерін марапаттау жөнінде ұсыныс енгізеді;

-           Қазылар алқасы тәуелсіз сарапшылардан тұрады;

- ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығына облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша есеп береді.

VI. «Жарқын болашақ» олимпиадасын қорытындылау және қатысушыларды марапаттау

14. «Жарқын болашақ» олимпиадасының ашылуы және қатысушыларды марапаттау рәсімі мерекелік жағдайда өткізіледі.

15. «Жарқын болашақ» олимпиадасының әрбір конкурсы бойынша                        6 жүлделі орын: 1 бірінші, 2 екінші, 3 үшінші орын белгіленеді.

16. «Жарқын болашақ» олимпиадасының жеңімпаздары ұйымдастыру комитетінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталады және оларға сыйлықтар табыс етіледі (аудандық, облыстық кезеңнің жеңімпаздары тиісті білім мекемелерінің дипломдарымен, грамоталарымен марапатталады).

17. Жеңімпаздардың мұғалімдеріне грамота беріледі.

18..«Жарқын болашақ» олимпиадасының республикалық кезеңіне қатысқан, «KATEV» ХҚҚ тағайындаған тәуелсіз комиссия мүшесінің назарына ілініп, дауысына ие болған кейбір 11-сынып оқушыларына Сүлейман Демирел атындағы университеттің білім гранты тағайындалады. Грант саны мен олардың иегерлерін Сүлейман Демирел атындағы университет белгілейді. Жеңімпаздардың мұғалімдеріне грамота беріледі.

«KATEV» Халықаралық қоғамдық қорының 2012 жылғы 10 қазандағы №201/109 бұйрығына №3 қосымша

«Жарқын болашақ» VІ республикалық «KATEV» қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңінің 5 конкурсы бойынша ережелері

I.                  «Тілші-әдебиетшілер» конкурсы

1.     Қазақ тілін ана тілі және шет тілі ретінде үйренген оқушылардың қазақ тілі мен әдебиетінен білімін бағалау жарысы.

2.  Мақсаты – қазақ тілі мен әдебиетін терең меңгерген оқушыларды ынталандыру.

3.  Шарты: қатысушылар 2 бөлімнен тұратын және тест сұрақтарынан құралған сынақ тапсырады: 1-бөлімнің тапсырмалары қазақ тілі пәнінен (5–11-сынып, қазақ және орыс тобы) құрастырылады (барлығы 50 тест сұрағы). 2-бөлімнің тест сұрақтары қазақ әдебиеті пәнінен (5–11-сынып, қазақ және орыс тобы) құрастырылады (барлығы 50 тест сұрағы).

4.   Әр сұрақтың бір дұрыс жауабы бар. Белгіленген төрт қате жауап бір дұрыс жауапты жояды.

5.     Сынаққа берілетін уақыт мөлшері – 120 минут.

6.     Сынаққа қатысты қосымша түсініктемелер сынақ алдында айтылады.

II.               «Жазушылар» конкурсы

1.  Қазақ тілін ана тілі және шет тілі ретінде үйренген оқушылардың шығармашылық қабілетін бағалау жарысы.

2.  Мақсаты – жасөспірімдерді отансүйгіштік, ерлік, қаhармандық рухында тәрбиелеу, жазуға талапты балалардың қабiлет-қарымын ұштау, қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру, шығармашылық ізденіске жұмылдыру.

3.  Шарттары:

-  Оқушы өз ойын қара сөзбен және өлең түрінде жаза алады. Туындылардың әдеби-көркемдік жағы, тәрбиелік-танымдық мазмұны бағаланады;

-       Эссе көлемі (А-5 форматындағы) 3 беттен кем болмау керек;

-       Жазбаша жұмысқа берілетін уақыт – 120 минут.

-       Эссе тақырыптары: қазақтың тілі (әдебиеті, тарихы, мәдениеті), тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері, еліміздегі ұлтаралық, дінаралық келісімнің маңыздылығы, бірлік пен татулық, ерлік пен батырлық, руханият, әдептілік қағидалары, зиянды әдеттер т.б.

-       Ұйымдастыру комитеті аталмыш тақырыптардың біреуін таңдауға құқылы.

III.           «Жас ғалымдар» конкурсы

1.  Қазақ тілін ана тілі және шет тілі ретінде үйренген оқушылардың қазақ тілі мен әдебиетіне қатысты бір тақырыпты қазақ тілінде ғылыми жақтан түсіндіру қабілетін бағалау жарысы.

2.  Мақсаты – оқушылар арасында қазақ тілі мен әдебиетін насихаттау.

3.  Шарттары:

-       Ғылыми жоба тақырыбы қазақ тілі мен әдебиетіне (тарихы, теориясы, өзекті мәселелері т.б.) қатысты болу керек.

-       Қорғаушының ғылыми жобаны тіл табиғатын сақтап жеткізуі, тың тақырыпты таңдауы, жаңалығы бағаланады.

-       Ғылыми жұмыс стандарттағы ғылыми жобаның жазылу шарттарына сәйкес дайындалуы керек (ғылыми жетекші мен сарапшының пікірі болуы керек).

-       Қорғаушы өз жұмысын қорғағанда, компьютер, проектр, плакат секілді құралдарды қолдана алады.

-       Қорғаушыға берілетін ең көп уақыт мөлшері – 8-10 минут (қазылар алқасының қосымша сұрағы мен оның жауабына кететін уақытты қоса есептегенде).

-       «Жас ғалымдар» конкурсы бойынша бағалау ұпайлары:

1) Ғылыми жобаны тіл табиғатын сақтап жеткізу, тақырыбын аша білуі.

2) Тың тақырып, жаңалығы

1) ғылыми жоба талаптарына сай орындалуы
2) дизайны

3) Уақытты дұрыс қолдану

Жұмысқа қатысты қосымша сұраққа жауабы

5 ұпай

5 ұпай

5 ұпай

 

IV.           «Сөз шеберлері» конкурсы

1.  Қазақ тілін ана тілі және шет тілі ретінде үйренген оқушылардың қазақ тілінде мәнерлеп оқып, өзіндік қабілетін көрсететін жарысы.

2.  Мақсаты – қазақ тілінде мәнерлеп сөйлеуге машықтану, сөздің мәнін жете түсіну, оның табиғатын тану және көркем шығармаларды мәнерлеп, нақышына келтіріп оқу арқылы оқушыны ауызекі сөйлеуге төселдіру.

3.  Шарттары:

-       Қатысушы 1 шығарманы немесе шығармадан үзіндіні (прозалық немесе поэзиялық) жатқа мәнерлеп оқиды.

-       Шығарманың тақырыбы ұлттық құндылықтарды (тарих, тіл, отан, ұлттық тәрбие т.б.) насихаттау керек;

-       Қатысушылар қазақ ұлттық киімімен шығу керек.

-       Мәнерлеп оқуға берілетін ең көп уақыт мөлшері – 5 минут. (5 минуттан асқан жағдайда ұпай шегеріледі).

-       Сөз шеберлері» конкурсы бойынша бағалау ұпайлары:

Шығарманың сөздерін анық және тіл табиғатын сақтап жеткізу

1) Дауысы мен дене әрекеттерінің үйлесімділігі
2) Сахнада өзін ұстау мәнері

1) киімі
2) жатқа оқуы

3) әуені (фон)

5 ұпай

5 ұпай

5 ұпай

V. «Әнші-бұлбұлдар» конкурсы

1.  Қазақ тілін ана тілі және шет тілі ретінде үйренген оқушылардың қазақ тілінде ән айтып, өзіндік қабілетін көрсететін жарысы.

2.  Мақсаты – қазақ халық әндері мен қазақ сазгерлерінің шығармаларын насихаттау және талантты жастарды анықтау, оларды көпшілікке таныту.

3.  Шарттары:

-     Қатысушылар қазақ халық әндері мен қазақ сазгерлерінің шығармаларынан бір ән (дәстүрлі немесе эстрадалық) орындайды.

-   Әнді орындаушы сахнаға жалғыз өзі шығу керек. (Бишілерге, екінші дауыстағы басқа орындаушыларға рұқсат етілмейді.)

-     Ұлттық құндылықтарды (тарих, тіл, отан, ұлттық тәрбие т.б.) насихаттайтын ән болу керек;

-       Әнді орындаушының вокалдық қабілеті бағаланады және әуен (минусовка) сапалы болу керек.

-      Ән жанды дауыспен орындалу керек және орындаушы әннің сөздерін анық және тіл табиғатын сақтап жеткізе білу керек.

-       Ән мен саздың, қимылдың үйлесімділігіне, әнді көрерменге жеткізе білуіне және сахнадағы өзін-өзі ұстау мәнеріне назар аударылады.

-       Әнді орындаушы қазақ ұлттық киімімен шығу керек.

-       «Әнші-бұлбұлдар» конкурсы бойынша бағалау ұпайлары:

Әннің сөзін анық және тіл табиғатын сақтап жеткізу

1) Ән мен саздың және қимылдың үйлесімділігі
2) Сахнада өзін ұстау мәнері

1) вокалы
2) әуені

3) киімі

5 ұпай

5 ұпай

5 ұпай

 

«KATEV» Халықаралық қоғамдық қорының 2012 жылғы 10 қазандағы №201/109 бұйрығына № 4 қосымша

1. Тапсырыс үлгісі:

Қ.Сатпаев атындағы №16 қазақ орта мектебі немесе Зайсан ауданыбойынша«Жарқын болашақ» VІ республикалық KATEV қазақ тілі олимпиадасының аудандық (қалалық) немесе облыстық кезеңіне қатысатын оқушылардың тізімі (үлгі):

Тегі, аты

Мектеп

Сынып

Ұлт

Ұл/қыз

Конкурс атауы

Тақырып

Мұғалімі

1

Ибрагимов Қанат

 

11

Қазақ

ұл

«Сөз шеберлері»

Мұхтар Шаханов «Төрт ана»

Әсетова Айна Аманқызы

2

 

 

 

Өзге ұлт

 

«Сөз шеберлері»

 

 

3

 

 

 

Қазақ

 

«Тілші-әдебиетшілер»

 

 

4

 

 

 

Өзге ұлт

 

«Тілші-әдебиетшілер»

 

 

5

 

 

 

Қазақ

 

«Әнші-бұлбұлдар»

 

 

6

 

 

 

Өзге ұлт

 

«Әнші-бұлбұлдар»

 

 

7

 

 

 

Қазақ

 

«Жас ғалымдар»

 

 

8

 

 

 

Өзге ұлт

 

«Жас ғалымдар»

 

 

9

 

 

 

Қазақ

 

«Жазушылар»

 

 

10

 

 

 

Өзге ұлт

 

«Жазушылар»

 

 

 

 

Мектеп директоры:                                                               А.С.Қайдаров немесе                                                                                                         Зайсан аудандық білім беру бөлімінің бастығы:                                                  Г.С. Асқатова

2. Келу-кету туралы хабарлама үлгісі:

Топ жетекшісі:

Ұялы телефоны:

Өскеменге келу уақыты: ___, Өскеменнен кету уақыты: ___.

ЕСКЕРТУЛЕР:

1.Сайысқа қатынасу туралы сұраныс хат болмаған жағдайда талапкер сайысқа жіберілмейді;

2.Сұраныс хат тек жоғарыда көрсетілген мерзімге дейін электронды түрде қабылданады;

3.Егер талапкердің сайыс барысындағы жауабы немесе өнері  белгіленген уақыттан асып кетсе, еңбегі бағаланбайды;

4.Әр топтың (қазақ немесе орыс тобы) жұмысы жеке аудиторияларда ұйымдастырылып, бір – бірінен бөлек бағаланады;

5.Әрбір бағытта орындалатын шығармалар тек қазақ тілінде ғана орындалуы тиіс және де қазақ тілі мен әдебиетінің де сұрақтары екі топта да қазақ тілінде ғана болады;

6.Ұсынылатын шығармаларыңыздың тақырыбы, авторы толық жазылуы тиіс және тақырыпқа сәйкес келуі өте қатты сұралады. Сәйкес келмеген жағдайда автоматты түрде алынып тасталынады. Қайта өзгертулер қабылданбайды;

7.Әр шараның өту орындары немесе өзгерістер туралы қосымша жиындарда хабарланады (сондықтан да сұраныста мектеп директорының қолы, мекен –жайларыңыз, телефон, факстеріңіз болған жөн);

8.Оқушыны сайысқа нақты дайындаған жетекшінің тегі, аты, әкесінің аты тапсырыста толық жазылуы тиіс. Егер оқушыға қатысы жоқ жетекшінің аты-жөні жазылып, оның нақты жетекшісі дау шығарған жағдайда, тапсырысқа қол қойып, мөр басқан адам өз жауапкершілігіне алады;

9.Облыстық кезеңнің екі қалада өткізілуіне байланысты (Өскемен, Семей) жер жағдайының орналасуына қарай аудандар мына кесте бойынша аталған мектепке тапсырыс береді:

 

ӨСКЕМЕН ҚТЛ

СЕМЕЙ ҚТЛ

Аудан/қала

Аудан/қала

1

Риддер

1

Курчатов

2

Глубокое

2

Абай

3

Зайсан

3

Аягөз

4

Зырян

4

Бесқарағай

5

Катонқарағай

5

Бородулиха

6

Күршім

6

Жарма

7

Тарбағатай

7

Көкпекті

8

Ұлан

8

Үржар

9

Жамбыл ат. ДБА ОММГИ

9

ДБА ШҚО МҚТЛ

10

ДБА ШҚО АМЛИ

10

ДБА Ш. Уәлиханов ат. «Жас Ұлан» АЕМЛИ

11

ДБА ШҚО МҚТЛ

11

Шәкәрім ат. ДБА ОҮТОММ

12

ДБА «Восток» ҒЗДОАОМК

12

ДБА Балет мектебі

13

ДБА ОММФИМ

13

Назарбаев Зияткерлік Мектебі

14

№34 ДБА ММЛ

 

 

15

Назарбаев Зияткерлік Мектебі

 

 

16

«Нұрорда» ХМ