I. Жалпы ереже
Аталған ереже «Тәуелсіздік-теңдесі жоқ байлығым» атты жас ақындар байқаудының мақсаты мен міндеттерін, өткізу ережелері мен шарттарын белгілейді (ары қарай – Байқау)
Облыстық байқаудың ұйымдастырушысы: Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасы, Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми- практикалық «Дарын» орталығы (ары қарай- ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы).
Байқаудың мақсаты мен міндеттері:
-.поэзия саласында дарынды оқушыларды анықтау және оларға қолдау көрсету;
- қоршаған ортаға деген эстетикалық талғамдарын қалыптастыру;
-өскелең ұрпақты патриотизм мен жоғары мәдени – адамгершілік құндылықтарда тәрбиелеу;
- Қазақстанның тарихы мен мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу.
II. Байқауды ұйымдастыру комитеті
Байқауды ұйымдастыру үшін ұйымдастыру комитет құрылады (ары қарай - Ұйымдастыру комитеті).
Ұйымдастыру комитеті:
- байқауды әзірлеу мен өткізуді тікелей басшылыққа алып, жүзеге асырады;
- қазылар алқасының құрамын қалыптастырып бекітеді;
- байқауға қатысуға өтініштер мен қажетті жұмыстарды қабылдайды;
-байқауға талдау жасап, қорытындылайды, жеңімпаздарды марапаттайды.
ІІІ. Байқауға қатысушылар
Байқауға жалпы білім беретін Шығыс Қазақстан облысының қалаларының (аудандарының) орта мектептері мен облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектептердің оқушылары қатыса алады.
Байқау жас ерекшеліктеріне қарай өткізіледі:
- 5-7 сыныптар;
- 8-10 сыныптар.
IV. Байқауды ұйымдастыру мен өткізу шарттары
Байқауға қатысушы ұйымдастыру комитетіне өзі шығарған өлең шумақтарын жіберу қажет.
Жұмыстар қалалық (аудандық) білім бөлімдері бастықтарының, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептердің директорларының қолы қойылған өтінішпен қоса жіберіледі.
Жұмыстар электронды және қағаз түрінде беріледі.
Өлең жолдарының көлемі – төрт шумақтан (16 жол) кем емес. Бір қатысушы 1 өлең ұсына алады.
Әр аудан (қаладан) немесе дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептерден 4 жұмыс қабылданады.
Байқау 13 желтоқсан 2013 жылы өткізіледі.
Жұмыстар 2013 жылдың 12 желтоқсанына дейін Өскемен қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 74 (№19 ОМ ғимараты) мекен-жайында қабылданады.
Жіберілген жұмыстарға рецензия берілмейді және қайтарылмайды.
V. Жұмыстарға қойылатын талаптар
Өлеңді бағалау талаптары:
- сауаттылығы, әдеби тілге сәйкестігі;
- көркемділігі мен мазмұндылығы (көркем образ бойынша берілген - ойы, сезімі, алабұртуы);
- поэтикалық сауаттылығы (өлшем, ырғақ, ұйқас, әуенділік);
- байқау тақырыбының ашылуы мен сәйкестігі;
- шығармашылық көзқарас;
- өлеңнің тереңділігі, логикалық байланысы, композициялығы.
VI. Қорытындылау. Марапаттау.
Байқаудың қортындысы ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығының сайтында жарияланады (www.shygysdaryny.kz).
Байқау жас ерекшеліктеріне қарай бағаланады.
Орын алған байқау жеңімпаздары грамоталармен марапатталады, қатысушыларға сертификаттар табыс етіледі.
VII.Конкурсты қаржыландыру
Конкурсты қаржыландыру құрастырылған және бекітілген сметаға сәйкес жүзеге асырылады.