1. Жалпы ережелер
«Балапан – мектепке дайындал!» облыстық интеллектуалдық турнирін өткізу туралы осы Ереже (әрі қарай – турнир) турнирдің өту тәртібін, мақсаты мен міндеттерін, ұйымдастыру-әдістемелік қамтамасыз етуді, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді іріктеу тәртібін анықтайды.
Турнирдің ұйымдастырушылары – Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы және өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы (әрі қарай – орталық).
2. Турнирдің мақсаты мен міндеттері
Турнирдің негізгі мақсаты – мектепке дейінгі жастағы дарынды балаларды анықтау, дамыту және қолдау көрсету.
Негізгі міндеттер:
1.Мектепке дейінгі жастағы дарынды балаларды анықтап, дамыту және қолдау көрсетуге жағдай жасау бойынша жұмыс формалары мен тәсілдерін жетілдіру.
2..Мектепке дейінгі жастағы балалардың интеллектуалдық қызметін белсендіру, олардың интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетін ашу.
3..Интеллектуалды-шығармашылық ойлау қабілеті мен ізденушілік, зерттеушілік және бағдарлай білуге арналған есептерді шеше білу қабілеттерін дамыту.
3. Турнирге басшылық жүргізу және әдістемелік қамтамасыз ету
Турнирді ұйымдастырып өткізу үшін ұйымдастыру комитеті құрылады (әрі қарай– ұйымдастыру комитеті).
Ұйымдастыру комитеті:
- турнирдің тұжырымдамасын дайындайды;
- турнирге дайындық жүргізу мен өткізуге тікелей басшылық жасайды;
- турнирге қатысуға өтінімдер мен қажетті материалдарды қабылдайды;
- қазылар алқасының құрамын бекітеді;
- турнирдің бағалау критерийлерін дайындайды;
- турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтайды;
- турнир қорытындысына анализ жасап, жинақтайды;
- турнирге дайындық барысы мен өтуін БАҚ жариялануын қамтамасыз етеді;
- турнирдің ережесіне сәйкес басқа да қызметтерді атқарады.
4. Турнирдің мазмұны мен оған қатысушылар
1. Турнир мектепке дейінгі 5-7 жастағы ересек топта өткізіледі. Турнирге бала бақшалар мен шағын орталықтардың қазақ және орыс тілінде оқитын ересек және даярлық топтарының тәрбиеленушілері алдын ала іріктеусіз қатыса алады.
2. Қатысушыларға танымдық, логикалық, шығармашылық, дамытушылық сипаттағы тапсырмалар беріледі.
Барлығы ашық типті тест түріндегі 16 тапсырма.
5. Турнирді өткізу тәртібі мен мерзімі
1. Турнирге қатысу үшін 2013 жылы 04 желтоқсанға дейін ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығына бала бақшаның меңгерушісі (жалпы білім беретін мектептің директоры) бекіткен өтінімді жіберу қажет:
1) Ехсel форматында vk_daryn@mail.ru электронды мекен жайына немесе 8/7232/ 55-21-12 факсына;
2) Өскемен қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 74 үйде орналасқан «Дарын» орталығына (электронды және қағаз нұсқаларын).
Өтінім үлгісі:
|
Қала, аудан, мектепке дейінгі білім мекемесінің атауы |
Мекен жайы, телефон, электронды почта |
Тапсырмалар саны |
Мекемеден турнирді үйлестірушінің АЖТ (толық) байланыс телефон |
|
|
Қазақ тілінде |
Орыс тілінде |
|||
2. Турнирге қатысу ерікті түрде, ақылы.
Турнирге қатысуға ұйымдастыру жарнасы әр қатысушыдан 350 теңге. Ақшаларды аудару бойынша барлық шығындар жіберушінің есебінен төленеді.
Ұйымдастыру жарнасы банк немесе пошта бөлімшесі арқылы келесі деректемелерге жіберіледі:
КГКП ВК РНПЦ «Дарын»,
РНН 181600062103
БИК ALMNKZKA
р/счет КZ92826F0KZTD2000869
АО АТФ банк г. Усть-Каменогорск,
БИН 990840001922
КБЕ 16
Назначение платежа: «БАЛАПАН» турниріне қатысу үшін Ұйымдастыру жарнасы
3. Үйлестіруші тапсырмалар салынған пакетті шара өтетін күні турнир басталар алдында ашады. Турнирге қатысушыларға көмектесуге, тапсырмаларды олар үшін орындауға, ұжыммен бірлесіп немесе бөгде адамдардың көмегімен орындауға, ұялы байланыс құралдарын қолдануға тиым салынады.
4.Әр бала барлық тапсырмаларды арнайы брошюрада орындайды.
5. Брошюраларды жинап алғанда олардың дұрыс толтырылуына мән беру қажет. Бала туралы қандай да бір мәліметтер болмаса жұмыс нәтижесі есептелінбейді.
6. Үйлестіруші конкурс тапсырмаларының құпиялылығына және қатысушылардың тапсырмаларды өздігінен орындауына жауапты.
7. Турнирдің ережелерін түсіндіруге он бес минут уақыт беріледі. Одан кейін қатысушы туралы мәлімет толтырылады, тәрбиешіге алдын ала бұл мәліметтерді толтырып алуына болады. Тапсырмаларды орындауды бастау уақыты мен аяқталу уақыты тақтаға жазылады. Орындау уақыты біткен соң жұмыстар жиналып алынады.
8. Турнирді өткізу хаттамасы мен балалар орындаған тапсырмалар (брошюралар) тапсырмалар келген арнайы конвертке салынып, желімделіп, Ұйымдастыру комитетіне жіберіледі. (ШҚ ӨҒПО «Дарын», Қабанбай Батыр көшесі, 74).
6. Марапаттау
Турнирдің барлық қатысушыларына сертификаттар, жүлдегерлерге – дипломдар беріледі.