І. Жалпы ереже
Бұл ереже Қазақстанның тұңғыш Президенті күніне арналған «Жарқын болашаққа бастаған Ұлт көшбасшысы» тақырыбындағы жас журналистердің облыстық конкурсының (ары қарай – Конкурс) мақсаттары мен міндеттерін, ұйымдастырып, өткізу, қорытынды шығару, жүлдегерлерді анықтау тәртібін белгілейді.
Конкурстың ұйымдастырушылары: Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы.
Конкурстың мақсаты – оқушылардың бойында қазақстандық патриотизмді және әлеуметтік белсенділікті қалыптастыру, жастардың шығармашылыққа білеттерін дамыту.
Конкурстың міндеттері:
- Шығыс Қазақстан облысының шығармашыл дарынды оқушыларын анықтап, қолдауға жағдай жасау;
- өз елінің жетістіктері мен табыстарын құрметтейтін «қазақстандық – патриот» образын насихаттау;
-.оқушы жастардың санасында болашаққа ұмтылушылық пен мақсаттарының ортақ болуын нығайту;
- «өз елінің азаматы» деген жағымды адам имиджін құру;
- таланттыжасжурналистердіанықтап, қолдау.
II. Конкурстыңұйымдастырукомитеті
Конкурстыұйымдастырып, өткізуүшінұйымдастырукомитетіқұрылады.
Ұйымдастыру комитеті:
- Конкурсқа дайындық жүргізу мен өткізуге тікелей басшылық етеді;
- қазылар алқасы құрамын құрып, бекітеді;
- Конкурсқа қатысуға қажетті материалдар мен өтінімді қабылдайды;
- Конкурс қорытындысын сараптап, қорытады;
- бұқаралық ақпарат құралдарында Конкурсқа дайындық жұмыстары мен өтуі туралы, нәтижелерінің жариялануын қамтамасыз етеді.
III. Конкурсқа қатысушылар
Конкурсқа облыстың жалпы білім беретін мектептері мен облыстық мамандандырылған мектептерінен 8-11 сынып оқушылары қатыса алады.
IV. Конкурсқа қатысуға қойылатын талаптар
Конкурс 2 кезеңде өтеді:
I кезең – қалалық (аудандық) -2013 жылдың 20 қарашасында дейін өткізілуі тиіс.
II кезең – облыстық - 2013 жылдың 29 қарашасында өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін аудандық (қалалық) білім беру бөлімдерінің басшыларының, облыстық мамандандырылған мектеп директорларының қолымен куәландырылған өтінім мен қатысушылардың жұмыстарын ұсыну қажет.
Конкурсқа ұсынылған жұмыстар рецензияланбайды, қайтарылмайды.
Конкурстың қорытындысы 2013 жылдың 29 қарашасында шығарылып ШҚ ӨҒП«Дарын» орталығының сайтында (www.shygysdaryny.kz.) жарияланады.
V. Конкурсқа ұсынылатын жұмыстарға қойылатын талаптар
Мақала «Жарқын болашаққа бастаған Ұлт көшбасшысы» деген тақырыптағы тұжырымдалған шығармашылық жұмыс болуы шарт.
Жұмыстар электронды және қағаз түрінде беріледі.
Жұмыстарды ресімдеуге қойылатын талаптар
1.Эссе
1) Жұмыс мәтіні компьютерде теріліп (WORD, шрифт 14, аралық интервал 1,5, 2- 4 беттен аспауы тиіс), титул беті болуы қажет.
2) Титул бетте:
- жұмыс орындалған білім мекемесінің толық атауы;
- жұмыс тақырыбы;
-орындаушы (тегі, аты, сыныбы, мектебі, аудан, қала) туралы мәліметтер болуы керек.
2. Бейнематериал
1) Түсірілім 2 минутқа дейін болуы қажет.
2) Бейнематериал эссе тақырыбы мен мазмұнына сай болуы шарт.
3) Ұйымдастырукомитетінебейнеролик DVD дискідетапсырылады.
Облыстық кезеңге әр ауданнан (қаладан), мамандандырылған мектептерден тақырыпқа сәйкес 3 эссе бейнеролигімен 2013 жылғы 25 қарашаға дейін қабылданады.
VI. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу
Конкурс жұмыстарын бағалау төмендегі критерийлер бойынша жүргізіледі:
- материалдардың конкурс мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігі;
- материалдардың қоғамдық-әлеуметтік маңыздылығы;
-.материалды ұсыну объективтілігі, ерекшелігі, аналитикалық көзқарасы;
- мазмұндаудың дәлелділігі және тақырыптың терең ашылуы;
- мазмұндау тілінің көркемдігі, нақтылығы және түсінікті етіп жеткізуі, мазмұндау шеберлігі;
- композициялық шешімнің сапасы мен логикалық жеткізілуі;
- материалды публицистикалық стильде беру.
Конкурс қорытындысы бойынша қазылар алқасы жүлдегерлерді анықтайды. Жүлдегерлер Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының грамоталарымен марапатталады. Барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.
VII. Конкурсты қаржыландыру
Конкурсты қаржыландыру құрастырылған және бекітілген сметаға сәйкес жүзеге асырылады.