I. Жалпы ереже
1. Аталған ереже «Қазақстан жаңа әлемде» атты байқаудың мақсаты мен міндеттерін, өткізу ережелері мен шарттарын белгілейді.
2. Облыстық байқаудың ұйымдастырушысы Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми- практикалық «Дарын» орталығы (ары қарай- ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы).
3. Мақсаты мен міндеттері:
- сурет және қолөнерлерінен қабылеті бар оқушыларды анықтау және оларға қолдау көрсету;
- балалардың шығармашылық қабілеттерін ашу, дамыту;
- белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыру;
- туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
II. Байқауды ұйымдастыру комитеті
4. Байқауды ұйымдастыру үшін ұйымдастыру комитет құрылады (ары қарай- Ұйымдастыру комитеті).
5. Ұйымдастыру комитеті:
- байқауды әзірлеу мен өткізуді тікелей басшылыққа алып, жүзеге асырады;
- қазылар алқасының құрамын қалыптастырып бекітеді;
- байқауға қатысуға өтініштер мен қажетті жұмыстарды қабылдайды;
- байқауға талдау жасап, қорытындылайды, жеңімпаздарды марапаттайды.
III. Байқауға қатысушылар
6. Байқау оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай:
- 6-10 жас;
- 11-17 жас бойынша өткізіледі.
IV. Байқауды ұйымдастыру мен өткізу шарттар
7. Жұмыстар қалалық (аудандық) білім бөлімдері бастықтарының, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептердің директорларының қолы қойылған өтінішпен қоса жіберіледі.
8. Байқау 30 қазан 2013 жылы өткізіледі.
9. Жұмыстар 25 қазанға дейін 2013 ж. Өскемен қаласы, Қабанбай батыр көшесі 74, (№19 ОМ ғимараты, 2-қабат) мекен-жайында қабылданады.
10. Байқау төмендегідей бағытта өткізіледі.
1) кескіндеме;
2) мүсін өнері;
3) қолданбалы көркем өнер.
Қаладан, ауданнан, дарынды балаларға арналған облыстық білім мекемелерінен 3 жұмысқа дейін қабылданады (жеке немесе топтық).
11. Жіберілген жұмыстарға рецензия берілмейді және қайтарылмайды.
12. Жұмыстарды қазылар алқасы бағалайды, жеңімпаздарды анықтайды.
V. Жұмыстарға қойылатын талаптар
13. Жұмыстар көлемі 42х33, 58х46, 68х55 мөлшердегі рамалар форматында қабылданады.
14. Жұмыстар талапқа сай дайындалып, келесі мәліметтер көрсетілуі тиіс: орындаушының аты-жөні, білім беру ұйымы, жас мөлшері, оқитын мектебі, сыныбы және мекенжайы.
VI. Қортындылау. Марапаттау.
15. Байқау жас ерекшеліктеріне қарай бағаланады.
16. Орын алған сайыс жеңімпаздары ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығының грамоталарымен марапатталады және әр бағыт бойынша үздік үш жұмыс республикалық кезеңге жіберіледі.
VII. Сайыс жұмыстарын бағалау шарттары:
- Жұмыс атауының алынған тақырыпқа және мазмұнына сәйкестігі;
- өзіндік шешімі және орындалу шеберлігі;
- дербестігі, шығармашылық тұрғыдан келуі;
- жұмыстың сапалы орындалуы;
- талаптарға сай болуы.
Барлық сұрақтар бойынша мына мекен-жайға хабарласуға болады: Өскемен қаласы, Қабанбай батыр көшесі 74, ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы, тел: 700-609, тел/факс: 8(7232) 55-21-12.
«Қазақстан жаңа әлемде» атты облыстық сурет және қолданбалы өнер туындылары конкурсын өткізу ережесі.
09 Қаз, 03:56