I. Жалпы ережелер
1) Конкурс психологтардың кәсіби деңгейін арттыруға және шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға, білім берудегі психологияның тәжірибелік қызметін дамытуға, психологиялық білімді отандық білім беру ісіндегі гуманистік бағыттылықты, тиімділікті, бәсекеге қабілеттілікті арттыруға ықпал ететін міндетті сала ретінде насихаттауға бағытталған.
2) Конкурстың басты шарты Шығыс Қазақстан облысы білім беру ұйымдары психологтарының психологиялық-педагогикалық идеялармен, тәжірибелермен, жобалармен, шығармашылық қызмет нәтижелерімен алмасуы болып табылады.
3) Осы Ереже Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңына», Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес әзірленді.
II. Кокурстың мақсаттары мен міндеттері
Конкурстың басты мақсаты талантты, шығармашылықпен жұмыс істейтін, өз кәсіптік біліктілігін көрсете алатын психологтарды анықтау, қолдау және мадақтау (ынталандыру) болып табылады.
Конкурстың міндеттері:
1. Шығыс Қазақстан облысы психологтарының үздік тәжірибесін анықтау және әдістемелік материалдардың деректер қорын қалыптастыру.
2. Психологтардың кәсіби тілдесуін, шығармашылық идеялармен, тәжірибемен алмасуын ұйымдастыру.
3. Конкурс қатысушыларының кәсіби шеберлігінің өсуіне ықпал ету, кәсіби психологиялық білім берудің маңызын күшейту және психологияның абыройын арттыру.
ІІІ. Конкурсты ұйымдастыру
Конкурсты дайындау және өткізу үшін ұйымдастыру комитеті құрылады.
Ұйымдастыру комитеті облыстық Конкурсты дайындап өткізу, бағдарламасын дайындау, қатысушылардың тізімін жасауға басшылық етеді, қазылар алқасының құрамын тағайындайды, конкурстың қорытындысын шығарып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттайды.
ІV. Конкурс кезеңдері
Конкурс бірнеше кезеңде өткізіледі:
I кезең – аудандық/қалалық – Шығыс Қазақстан облысыныі аудандық/қалалық білім беру бөлімі 2014 жылдың 17 қыркүйегіне дейін өткізеді.
II кезең – облыстық – Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 2014 жылдың 10 қазанына дейін өткізеді.
III кезең – іріктеу (сырттай) – келесі тақырыптарда эссе жазу: «Мен және менің мамандығым», «Психолог – болашақтың мамандығы», «Психолог және Мен», «Менің кәсіби ұстанымым».
Бағалау талаптары:
- ғылыми бағыттылығы және өзектілігі;
- мазмұны, тұтастылығы, бірегейлігі;
- тіл мәдениетінің көркемдігі;
- қол жетімділігі, креативтілігі, қажеттілігі.
Берілген тақырыптардың біреуіне эссе жазу«Мен және менің мамандығым», «Психология – болашақтың мамандығы», «Психолог және Мен», «Менің кәсіби ұстанымым». Эссенің жалпы көлемі 1,5-2 бет, WORD, 14 қаріп, Times New Roman. Қатысушылар эссенің қағаз және электрондық түріндегі нұсқасын конкурсқа алып келеді. Сырттай кезең 2014 жылдың 10 қазанына дейін өткізіледі.
IV кезең – қорытынды – ҚР БжҒМ-нің республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығыөткізеді.
Конкурсқа тек тәжірибеде апробациядан өткен және тәжірибеде қолданудағы нәтижелері бар жұмыстар ғана қабылданады.
V. Конкурстың құрылымы мен мазмұны
Облыстық кезең 3 айналым бойынша өткізіледі.
3 жылға дейін еңбек өтілі бар психологтар:
1 айналым. «Өзін-өзін таныстыру»
Бағалау талаптары:
- психологияның мазмұнын, әдістемелерін игеруі,
- сахналық шеберлігі;
- креативтілігі;
- кәсіби шеберлігі.
Орындау уақыты – 5-7 минут.
Қатысушылар өздерінің көшбасшылық қабілетін, креативтілігін, пайдалана отырып, өздерін түрлі формада таныстырады.
2 айналым. Өзі таңдап алған авторлық бағдарламаның тұсаукесері.
Бағалау талаптары:
- тақырыптың өзектілігі;
- таңдап алынған тақырыптың мазмұндылығы;
- кәсіби жан-жақтылығы;
- шығармашылық қабілеті, креативтілігі.
Орындау уақыты 5минут.
3 айналым. Психологиялық тест тапсырмалары.
Конкурстық тапсырмаларды орындау барысында психологтар келесілерді көрсетеді: кәсіби эрудиция, зияткерлік және жалпы мәдениетінің дамуы, қоғам алдында сөз сөйлеу мәдениетінің деңгейі.
3-7 жыл еңбек өтілі бар психологтар:
1 айналым. «Өзін-өзін таныстыру»
Қатысушылар өздерінің көшбасшылық қабілетін, креативтілігін, пайдалана отырып, өздерін түрлі формада таныстырады.
Бағалау талаптары:
- психологияның мазмұнын, әдістемелерін игеруі,
- сахналық шеберлігі;
- креативтілігі;
- кәсіптік шеберлігі.
Орындау уақыты – 5-7 минут.
2. Психологиядан элективті курс бағдарламасы немесе түзету - дамыту авторлық бағдарламасының тұсаукесері (видеоролик, слайдты пайдалану).
Бағалау талаптары:
- бағдарламаның өзектілігі;
- тапсырмалардың бағдарлама мақсатына сәйкестігі;
- жаттығулар мен тапсырмалар кешенін таңдауда ғылыми негізі;
- бағдарламаның тиімділігі.
Орындау уақыты –7-10 минут.
3айналым. Психологиялық-педагогикалық жағдаяттарды шешу.
Бағалау талаптары:
- жағдаяттарды конструктивті шешу;
- жауаптың дәлдігі, орындылығы;
- сендіру қабілеті.
Орындау уақыты –3-4 минут.
Кәсіби шеберлікті көрсетуге бағытталған тапсырмаларды қарастырады (балалармен, педагогтармен, ата-аналармен жұмыс істеу қабілеті), оқу ісі үдерісіндегі күрделі жағдайларды шешу, психология бойынша теориялық білімін, жалпы мәдениетін және эрудициясын көрсетеді.
7 жылдан астам еңбек өтілі бар психологтар:
1 айналым. Психолог портфолиосының тұсаукесері.
Портфолиода 3 жұмыстан артық болмау керек.
Бағалау талаптары:
- ұсынылып отырған оқу-әдістемелік материалдың өзектілігі;
- материал мазмұнының іске асыру деңгейі;
- заманауи ақпараттық-кәсіптік технологияларды пайдалану деңгейі;
- ұсынылған материалдардың нәтижелері мониторингі.
Орындау уақыты – 10 минут.
2 айналым. Тәжірибелік іс-шара(дамыту-түзету тапсырмалары, шебер-класс, психологиялық тренинг) білім алу процесінің кез-келген қатысушыларымен (оқушылар, педагогтар, өз мектебінің 5-7 өкілдерімен) өткізеді.
Бағалау талаптары:
- педагогтың жалпы мәдениеті;
- тиімді психологиялық жағдай туғызу;
- психологтың пәндік-кәсіптік құзыреттілігі.
Орындау уақыты –10 – 12 минут.
3. «Психологтың ғажайып әлемі» монологы.
Бағалау талаптары:
- креативтілік;
- әртістік;
- мақсаткерлік.
Сөз сөйлеуге 5 минут уақыт беріледі.
Берілген категорияның қатысушылары кәсіби шеберліктерінің тәжірибелік деңгейлерін, білім мазмұнын меңгеру деңгейлерін, әдістемелік дайындығын, өз қызметін жобалай алу қабілетін, инновациялық технологияларды меңгеру деңгейін көрсетеді.
VІ. Конкурсты қорытындылау
Конкурстың қорытындысы бойынша қазылар алқасы категориялар бойынша конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтайды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ШҚО білім басқармасының грамоталармен және сертификаттармен марапатталады.
VIІ. Конкурсты қаржыландыру
Ісшараны қаржыландыру бекітілген сметаға сәйкес жүзеге асырылады.
Қатысушылардың іссапар шығындары (жол ақысы, тамақтану, жатын орны), ұйымдастыру жарнасы жіберуші білім мекемелерінің есебінен төленеді.