І. Жалпы ереже
Осы ереже «Жас ғалым» ғылыми мектебі (әрі қарай - мектеп) ҚР «Білім туралы» заңына сәйкес, 2011-2020 жылдарға арналған Білімді дамыту мемлекеттік бағдарламасына, дарынды оқушыларды қолдау және дамыту, тұжырымдаманы айқындауға және басқа нормативтік-құқықтық құжаттарға сәйкес әзірленді.
Ереже Мектептің мақсатын және міндетін, ұйымдастыру тәртібін және өткізуін, қаржыландыруын айқындайды.
Мектептің ұйымдастырушысы Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасы, Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы болып табылады (әрі қарай – ШҚ ӨҒПО «Дарын»).
«Жас ғалым» ғылыми мектебі – оқушының оқу – ғылыми және ғылыми – іздену қызметіне бағдарланған қосымша білім беру мектебі.
Ғылыми мектеп жыл бойы қызмет атқарады.
Оқу – ғылыми және ғылыми - іздену қызметіне ұйымдастыру, еңбек және шығармашылық процестер бойынша басқару, оқушының ғылыми-зерттеу жұмыс – жобаларын орындауын ұйымдастыру (әрі қарай-ОҒЗЖЖ), ОҒЗЖЖ орындаған нәтижелерді жүзеге асыру және апробациялау кіреді.
Оқу – ғылыми және ғылыми-іздену қызметінің негізі түйіні ОҒЗЖЖ педагогтардың, ғылыми қызметкерлердің жетекшілік етуімен орындаған жұмыстары болып табылады.
Бұл жұмыстарды орындау тәртібі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы №668 «Жалпы білім беру пәндері бойынша ғылыми жарыстарды өткізу ережесі» бұйрығымен орындалады.
ІІ. Ғылыми мектептің міндеттері мен мақсаттары
Мектептің негізгі мақсаты – облысымыздағы дарынды оқушыларды облыстық, республикалық және халықаралық дәрежедегі интеллектуалдық жарыстарға дайындау.
Мектептің міндеттері:
- мектеп оқушыларының шығармашылық қаблетін дамыту және олардың зерттеушілік бейімін жетілдіру;
- оқушылардың шығармашылық ізденісі мен зерттеулерді орындау үдерісінде талдау және сыни ойлауды қалыптастыру;
- оқушыларды қойған мақсатқа қол жеткізуге, болашақтағы және осы еңбек жолындағы, оқу кезіндегі жүйелілікке тәрбиелеу;
- дарынды жасөспірімдерді іздестіріп, олардың шығармашылық мүмкіндіктерін жүзеге асыруын қамтамасыз ету.
ІІІ. Оқу-ғылыми және ғылыми-іздену қызметін басқару
Оқушылардың оқу-ғылыми және ғылыми-іздену қызметін жоғары білікті және тәжірибелі педагогтар, мамандар, Қазақстан Республикасының және Шығыс Қазақстан облысындағы жетекші ЖОО ғалымдары, облыстағы жалпы білім беретін мектептердің шығармашылық жұмыстармен айналысатын, интеллектуалдық олимпиадаларда, жарыстарда бірнеше рет жүлдегерлерді тәрбиелеген мұғалімдер басқарады.
ОҒЗЖЖ жұмыс бағдарламаларын қарау және бекітілуіне байланысты «Дарын» орталығының директоры ОҒЗЖЖ жетекшілерін бекітеді.
ОҒЗЖЖ жетекшісінің міндеттері:
- ОҒЗЖЖ атқарушылардың қатысуымен, нақтылауымен тақырыптарын таңдау және кеңес беру;
- ОҒЗЖЖ жұмыс бағдарламаларын құрау;
- Ағымдағы жетекшілік ОҒЗЖЖ жұмыстарына әдістемелік ұйымдастырушылық көмек, атқарушыларға тұрақты түрде кеңес беру және орындалуын қадағалауға жетекшілік ету;
- ОҒЗЖЖ туралы есеп беруді құрауға әдістемелік және ұйымдастырушылық көмек көрсету, көрнекі құралдардың тәжірибелік үлгілерін дайындау;
- ОҒЗЖЖ орындаушыларына олардың ғылыми конференцияларға, олимпиадаларға және шығармашылық конкурстарға қатысуына әдістемелік көмек көрсету;
- ОҒЗЖЖ орындаушыларына зерттеулердің нәтижелерінің жариялануына және алдағы уақытта ғылыми қызметтеріне тәжірибелік көмек көрсету;
- ОҒЗЖЖ орындаушыларының жұмыстар істеу барысында белгіленген техникалық қауіпсіздік ережелерді сақтау.
Жетекшілерге еңбекақы төлеу мәселелері еңбек шартына сәйкес жүзеге асырылады.
Белгіленген жүктемелер шегі: ОҒЗЖЖ жетекшілері үшін – 6 оқушы орындаушыға дейін.
ІV. Оқушылардың оқу-ғылыми және ғылыми-іздену қызметін ұйымдастыру
Оқушылардың оқу және ғылыми-іздену қызметін ұйымдастыру – бұл педагогикалық және басқарушылық процестеріне шығармашылық дайындықтар, оқушылармен өткізілетін ғылыми зерттеулер мен олардың нәтижелерін жүзеге асыруда әдістемелік және қажетті ресурстармен қамтамасыз ету.
4.2. ОҒЗЖЖ келесі бағытта орындалады:
1) физика;
2) техника;
3) Жер және ғарыш туралы ғылым;
4) математика;
5) қолданбалы математика;
6) информатика;
7) экономика;
8) биология;
9) химия;
10) қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау;
11) тарих;
12) құқықтану;
13) өлкетану;
14) әдебиет;
15) этномәдениеттану;
16)тіл білімі.
ОҒЗЖЖ оқушының бекітілген жұмыс бағдарламасымен және көрсетілген мерзімде ОҒЗЖЖ жетекшісінің қадалағауымен жүзеге асырылады.
V. Мектеп қатысушылары
Мектепке Шығыс Қазақстан облысындағы жалпы білім беретін мектептердің 5-11 сынып оқушылары қабылданады.
Мектепке қабылдану үшін оқушылардың ата-аналары (заңды өкілдері) өтініш білдіреді.
Оқушылар 2014 жылдың 15 қазанына дейін қабылданады.
ОҒЗЖЖ екіден артық емес оқушының орындауына болады.
Мектепте оқу күндізгі бөлімінде – Өскемен қаласының оқушыларына, сырттай бөлімінде (қашықтықтан оқыту) – ШҚО аудан оқушыларына оқуға болады. Қашықтықтан оқитын оқушылар демалыс кезіндерінде күндізгі бөлімде оқиды.
Оқытудың қорытындысы бойынша Мектеп оқушысы өзінің ғылыми жұмысын жетекшінің және бір тәуелсіз эксперттік кеңестің ұсынысымен, оқушылардың облыстық, республикалық ғылыми жарыстарына жібере алады.
Мектепті бітіргеннен кейін әр қатысушыға сертификат беріледі.
VI. Қаржыландыру
Мектепте оқу ерікті түрде, ақылы. Оқу ақысы айына – 10 000 теңге.
Мектеп оқытушыларының еңбек ақысы Ұйымдастыру комитетінің отырысының хаттамасының негізінде, еңбек шартына сәйкес төленеді.
Оқытушылардың сағат саны еңбек шартына сайкес анықталады.
Мектеп қызметінің шығыны ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығының бекітілген сметалық шығыны негізінде жүзеге асады.