1. Жалпы ережелер
Жалпы ережелер Шығыс Қазақстан облысы мектептері оқушыларының арасында өтетін «Бір Шаңырақ астында» атты шығармалар байқауының дәрежесін, мақсатын, міндеттерін және байқаудың өткізілу тәртібін анықтайды.
Байқау жыл сайынғы Қазақстан халқы бірлігі мерекесіне орай ұйымдастырылатын «Бір Шаңырақ астында» атты форум аясында өткізіледі.
Байқаудың ұйымдастырушысы Шығыс Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасы.
2. Байқаудың мақсаты
Дарынды балаларды анықтау, этносаралық толеранттылық мінез-құлқын қалыптастыру, оқушылардың отансүйгіштікке тәрбиелеу, шығармашылықты қолдау және дамыту.
3. Байқаудың міндеттері
Байқау жұмысын дайындау барысында оқушылардың шығармашылық қырларын дамыту.
Барлық оқу процессіне қатысушылардың әлеуметтік белсенділігін арттыру.
Өзге этностар мен діни конфессия өкілдеріне деген толеранттылық қасиетін тәрбиелеу.
Мектеп оқушыларының ақпараттық мәдениетін, сауыттылығын және әлеуметтік белсенділігін көтеру.
4. Байқаудың мерзімі
Байқау 2013 жылы сәуір айының 8-25 аралығында өтеді.
Жұмыстар сәуірдің 8-23 аралығында Өскемен қаласы, М. Горький, 40 көшесі бойынша Шығыс Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасының 237, 237а кабинеттерінде және де электрондық мекен-жайға 263641@mail.ru қолмен жазылған шығарманың сканер арқылы жасалған көшірмесі қабылданады, тел. 8 /7232/ 26-36-41, 8-705-509-06-63.
Байқау қорытындысының нәтижелері 2013 жылы 25 сәуір күні жария етіледі.
5. Байқауға қатысушылар
Байқау Шығыс Қазақстан облысы мектептерінің 8-11 сынып оқушылары арасында өтеді.
6. Байқау жұмысының талаптары
Байқауға қатысатын шығарманың мазмұны этностарды бірлікке жетелейтін факторларды, Қазақстан территориясында өмір сүріп жатқан халықтардың дамуын, дәстүрін, мәдениетін, этносаралық келісім саласындағы мемлекет саясатының негізгі бағыттарын қамтуы тиіс (Қазақстан халқы Ассамблеясы, Достық үйлері қызметтері туралы).
Байқау жұмыстары эмоциялы, позитивті, бірегей болумен қатар, ұсынылған тақырып мен байқау мақсатына сай болуы керек.
Байқауға мемлекеттік немесе орыс тілдерінде (қалауына қарай) қолмен жазылған 2,5-3 дәптер парағы көлемінде шығармалар қабылданады.
Бас бетте оқушының аты-жөні, мектебі, сыныбы, мекен-жайы, байланыс телефоны көрсетілуі керек.
Байқау жұмысы Жалпы ереженің 4-тармағында көрсетілген мерзімге сәйкес өткізілуі қажет.
7. Шығарманы бағалау
Шығарманы бағалау шарттары:
- мазмұндау логикасы;
- бірегейлігі мен ерекшелігі;
- шығарманың байқау ережелеріне сай болуы;
- мазмұндау стилі;
- шығарманың мазмұнына автордың дербес қатынасының көрінісі;
- отансүйгіштіктің көрінісі;
- сауаттылық;
- шығарма тақырыбының толығымен ашылуы.
Шығармалар 10 балдық шкала бойынша бағаланады. Әр критерийге белгілі бір балл қойылады. Ең көп балл жинаған қатысушы жеңімпаз атанады.
8. Байқаудың қорытындысын шығару, жеңімпаздарды марапаттау
Байқау қорытындылары бойынша байқау коммисиясы үш жеңімпазды анықтайды.
Байқау жеңімпаздары құнды сыйлықтар және мақтау қағаздарымен марапатталады.
Жеңімпаздар 2013 жылы 27 сәуір күні Өскемен қаласының этноауылында өтетін «Бір Шаңырақ астында» атты Форумға шақыру алады. Байқаудың жеңімпаздарын жариялау және марапаттау Форум аясында жүзеге асырылады.
Байқаудың ұйымдастырушылары ең үздік болып танылған шығармалар мен жеңімпаздардың есімдерін www.dvpvko.gov.kz сайты және облыстық «Дидар», «Рудный Алтай» газеттеріне жариялайды.