+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Сиқырлы би әлемі» би байқауын ұйымдастыру және өткізу ережелері
02 Сәу, 09:31

I. Жалпы ереже

Бұл ереже «Сиқырлы би әлемі» би олимпиадасының (ары қарай Байқау) мақсаты  мен міндеттерін анықтайды, ұйымдастыру мен өткізудің ретін, қорытынды шығаруды және жүлдегерлерді, Байқауды қаржыландыруды белгілейді.

Байқаудың ұйымдастырушылары: Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, Шығыс Қазақстан облысының өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы, облыстық дарынды балаларға арналған  мамандандырылған балет мектебі.

Мақсаттары мен міндеттері:

- Шығыс Қазақстан облысының өнерлі де дарынды балаларын анықтап, қолдау көрсетуге жағдай жасау;

- жалпы білім беретін мектеп оқушыларының арасында би өнерінің танымды болуын насихаттау;

-  оқушылардың хореографиялық қабілеттерін дамыту;

- қатысушылардың шығармашылық жетістіктерімен алмасуы, орындаушылар мен ұжымдардың творчестволық қарым-қатынастарын орнату.

II. Байқауды ұйымдастырушы комитеті

Байқауды ұйымдастырып өткізу үшін ұйымдастырушы комитет құрылады (ары қарай – Ұйымдастыру комитеті);

Ұйымдастыру комитеті:

-  Байқау концепциядан құрылады;

-  Байқауды әзірлеу мен өткізуді тікелей басшылыққа алып, жүзеге асырады;

-  Қазылар алқасының құрамын қалыптастырып бекітеді;

-  Олимпиадаға қатысуға өтінімдер мен қажетті материалдарды қабылдайды;

-  Іс-шаралардың түрін, олардың өткізу формаларын белгілейді;

- Байқауға талдау жасап, қорытындылайды;

- Дайындық кезеңінің жүргізілуін, Байқаудың өткізілуі мен нәтижелерінің бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көруін қамтамасыз етеді.

III. Байқауға қатысушылар

Байқау ерікті негізде жүргізіледі.

Байқау ашық жарыс болып табылады, онда Шығыс Қазақстан облысы қалаларынын/аудандарынан мектепке дейінгі жастағы балалар (5 жастан бастап) және білім мекемелерінің 1-9 сынып оқушылары (15 жасқа дейін) қатыса алады.

Байқау келесі жас аралығында жүргізіледі:

- 5-7 жас – кіші топ;

- 8-11 жас – орташа топ;

- 12-15 жас – ересек топ.

IV. Байқауға қатысу шарттары

Байқау 2 кезеңде өткізіледі:

I кезең – тұрғылықты жерде 14 сәуірге дейін өткізіледі (жауаптылар: аудандық және қалалық білім бөлімдері).

Семей қаласында 13-14 сәуірде облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған балет мектебі, Пушкин көшесі 10 үй.

Қатысушыларды облыстық кезеңге тіркеу үшін 2013 жылдың 10 сәуіріне дейін келесі құжаттарды ұйымдастыру комитетіне жіберу керек:

- Қатысушылар өтінімі (қосымша №1, 2);

- Туу туралы куәліктің немесе қатысушының жас шамасын растайтын құжаттар.

I кезеңінің қорытындысы бойынша әрбір жас шамасына байланысты бір бірінші, екі екінші және үш үшінші орын беріледі.

II – облыстық кезеңге - I орын алған жеңімпаздар қатыса алады.

II кезең – облыстық – Өскемен қаласында 2013 жылдың 29 сәуірінде сағат 10.00-де Металлургтер мәдениет сарайында (Тәуелсіздік даңғылы, 68 үй) болады.

V.   Байқауды ұйымдастыру және өткізу

Қатысушылардың іссапар шығындары (жол жүру, күнелту, тамақтану) жіберуші білім мекемелерінің есебінен төленеді.

Қатысушыларға халық биі, классикалық би, джаз – балет, қазіргі би, халықтық стильге келтірілген би т.б. Қатысушылар биді өз беттерінше таңдай алады.

Байқаудың қорытындысы жас аралық топтар бойынша қаралады: кіші, орта, ересек.

Биді бағалау өлшемдері:

- Орындаушылық шеберлік деңгейі;

- Композициялық құрылымы;

- Музыкалық және хореографиялық  материалдарды таңдап алуы, сәйкестігі;

- Саханалық мәдениеті;

- Қатысушының әртістілігі, көркемдік образды аша білуі.

Қазылар алқасының құрамы хореография саласындағы жетекші мамандардан, ШҚО Білім Басқармасының, Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының өкілдерінен құрылады.

Қазылар алқасының төрағасы – балетмейстер, педагаг, ССРО халық әртісі Рамазан Салиқұлы Бапов

Қазылар алқасы олимпиаданың қорытындысы бойынша Бас жүлде иегерін және I, II, III дәрежелі лауреаттарды анықтайды. Жеңімпаздар медальдармен, атақ беру дипломдарымен марапатталады. Барлық қатысушыларға сертификаттар тапсырылады.

VI. Фонограммаға қойылатын техникалық талаптар

Байқаудың облыстық кезеңінің қатысушылары флешкадағы фонограммаға ансамбльдің атауын немесе орындаушының фамилиясын, шығарманың атауын жазулары тиіс.

Назар аударыңыздар! Байқауды ұйымдастырушылар жарыс өткізілетін жерде әуен жазумен, оны реттеумен шұғылданбайды, әуен дұрыс форматта болуы керек.