+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Қош келдің, әз Наурыз» атты облыстық өлеңдер байқауын өткізу ережесі.
13 Нау, 11:58

 

I. Жалпы ереже

Аталған ереже «Қош келдің, әз Наурыз» атты байқаудың мақсаты мен міндеттерін, өткізу ережелері мен шарттарын белгілейді (ары қарай – Байқау)

Облыстық байқаудың ұйымдастырушысы Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми- практикалық «Дарын» орталығы (ары қарай- ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы).

Байқаудың мақсаты мен міндеттері:

- поэзия саласында дарынды оқушыларды анықтау және оларға қолдау көрсету;

- қоршаған ортаға деген эстетикалық талғамдарын қалыптастыру;

- өскелең ұрпақты патриотизм мен жоғары мәдени – адамгершілік құндылықтарда тәрбиелеу;

- Қазақстанның тарихы мен мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу.

II. Байқауды ұйымдастыру комитеті

Байқауды ұйымдастыру үшін ұйымдастыру комитет құрылады (ары қарай - Ұйымдастыру комитеті).

Ұйымдастыру комитеті:

- байқауды әзірлеу мен өткізуді тікелей басшылыққа алып, жүзеге асырады;

- қазылар алқасының құрамын қалыптастырып бекітеді;

- байқауға қатысуға өтініштер мен қажетті жұмыстарды қабылдайды;

- байқауға талдау жасап, қорытындылайды, жеңімпаздарды марапаттайды.

ІІІ. Байқауға қатысушылар

Байқауға жалпы білім беретін қалалық (аудандық) орта мектептер мен облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектептердің оқушылары қатыса алады (барлығы 4 қатысушыға дейін).

7. Байқау жас ерекшеліктеріне қарай өткізіледі:

- 5-7 сыныптар;

- 8-10 сыныптар.

IV. Байқауды ұйымдастыру мен өткізу шарттары

Төмендегі талаптар бойынша байқауға қатысушы ұйымдастыру комитетіне өзі шығарған өлең шумақтарын жіберу қажет.

Жұмыстар қалалық (аудандық) білім бөлімдері бастықтарының, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептердің директорларының қолы қойылған өтінішпен қоса жіберіледі.

Жұмыстар электронды және қағаз түрінде беріледі.

Байқау 19 наурыз 2013 жылы өткізіледі.

Жұмыстар 2013 жылдың 18 наурызына дейін Өскемен қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 74 (№19 ОМ ғимараты, 2-қабат) мекен-жайында қабылданады.

Жіберілген жұмыстарға рецензия берілмейді және қайтарылмайды.

       V. Жұмыстарға қойылатын талаптар

Өлең жолдарының көлемі – төрттен алты шумаққа дейін.

Өлеңді бағалау талаптары:

- сауаттылығы, әдеби тілге сәйкестігі;

- көркемділігі мен мазмұндылығы (көркем образ бойынша берілген - ойы, сезімі, алабұртуы);

 - поэтикалық сауаттылығы (өлшем, ырғақ, ұйқас, әуенділік);         

 - байқау тақырыбының ашылуы мен сәйкестігі;

 - шығармашылық көзқарас;

 - өлеңнің тереңділігі, логикалық байланысы, композициялығы.

VI. Қорытындылау. Марапаттау.

Жұмыстарды қазылар алқасы бағалайды, жеңімпаздарды анықтайды.

Байқаудың қортындысы 2013 жылдың 20 наурызында қортындыланып, ШҚО ББ мен ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығының сайттарында жарияланады (www.shygysgaryny.kz).

Байқау номинациялар бойынша жас ерекшеліктеріне қарай бағаланады.

Орын алған байқау жеңімпаздары грамоталармен марапатталады.